Руханият • 30 Маусым, 2019

Димаш Құдайберген жеке концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа аударады

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген елордада өткен жеке концертінде Арыс тұрғындарына көмек ретінде қаржы аударатынын айтты.

Димаш Құдайберген жеке концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа  аударады

«Шетелде көп жүргеніммен,  ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді,  солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар,  арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз саналады,  ағайын» деді Димаш Құдайберген концерт барысында.