Аймақтар • 30 Маусым, 2019

Арыс қаласында 170-тен астам «Жолда қабылдау» орны ұйымдастырылды

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың арыз-шағымдарын Арыс көшелеріндегі «кеңседе» қабылдап жатыр. Бұл туралы аталған өңірдің Полиция департаменті xабарлады.

Арыс қаласында 170-тен астам «Жолда қабылдау» орны ұйымдастырылды

«Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға малдары жоғалып, өлген жағдайда қайда бару керектігін түсіндіріп, кеңес береді және пәтер, тұрғын үйден болған  ұрлықтар, автокөліктерді айдап кету жайттары бойынша деректерін тіркеп, арыздарын қабылдауда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильді ХҚО ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы 17 сектордың әрқайсысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құрылған екі жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда» делінген xабарламада. 

Жарылыстан кейінгі тәуліктерде полицейлер жүргізген рейдтік шаралар барысында 4 қылмыс анықталды. Оның ішіндегі екеуі мал ұрлығына қатысты. Сондай-ақ «Нива» автокөлігін ұрлау мақсатында айдап әкету және тұрмыстық техника дүкеніндегі ұрлық деректері тіркелді. Бүгінгі таңда барлық материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.                                          

«24-28 маусым күндері аралығында тәртіп сақшылары 155 иесіз қой мен 22 ірі қара малды тауып, полиция бөлімінің жанынан арнайы ұйымдастырылған орынға апарған. Арыс қаласына жергілікті тұрғындардың келуіне орай барлық малдар заңды иелеріне қайтарылды» делінген Полиция департаментінің мәліметінде.