Аймақтар • 24 Маусым, 2019

«Кентау трансформатор зауыты» ғылым саласына 227 млн теңге инвестициялады

851 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін бизнес пен ғылым арасындағы консорциум құру қарастырылады деп хабарлайды Neonomad.kz.

«Кентау трансформатор зауыты»  ғылым саласына 227 млн теңге инвестициялады

2017 жылы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ және «Электродеталь» ЖШС арасында консорциум құрылды.

Қазақстандық «Энергия» институтының ғалымы, ҚР еңбек сіңірген энергетигі - Сергей Евгеньевич Соколов қуаты 63 000 кВА, 220 кВ кернеулі класы бар бірегей автотрансформатор әзірледі. Соколов С.Е. жетекшілігімен алғашқы трансформаторлық типтегі басқарылатын реакторлар жобасы әзірленді, өңделіп шығарылды және өндіріске енгізілді. Мұндай қуаты бар автотрансформаторлар Қазақстанда алғаш рет шығарылуда - олар 600 мың халқы бар аймақты, мысалы, Түркістан облысының Сарыағаштай екі ауданын электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында Елбасы жеке компанияларды ғылыми зерттеулер мен инновацияларды инвестициялауға ынталандыру қажеттігін айтқан болатын. Соның арқасында, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен ғылым мен бизнес бірлесе отырып 63000 кВА қуаты бар бірегей автотрансформатор әзірлеу үшін консорциум құрды.

транс

Осы консорциум аясында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ ғылымды дамытуға бағытталған 227,5 млн. теңге қаражат бөлді.

«Ғылым мен бизнестің басты мақсаты болашақта жобаны коммерциализациялау және дамыту болып табылады. Бұдан кейін автотрансформаторды Қырғызстанға, Өзбекстанға, Ауғанстанға, Әзербайжанға, Тәжікстанға, Арменияға, Түркменстанға, Иранға және басқа елдерге экспорттау жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі ерекшелігі – жоғары қуатқа ие болуы, ол 600 мың тұрғыны бар ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ете алады», - дейді «Кентау трансформатор зауыты» АҚ Басқарма Төрағасы Хайрулла Қожабаев.

 Зауытта жоғары вольтты автотрансформатордың әзірленуін тағатсыздана күтуде. Бүгінгі таңда алғашқы автотрансформатордың сатып алушысы да бар, ол - Түркістан облысының Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – «Қызыл Әскер» объектісі. Компанияның мәлімдеуінше, осы күнге дейін бұндай қуатты жабдықтар Қазақстанда өндірілмеген, бұл - компанияның өзіндік технологиясы.

«Кентау трансформатор зауыты» автотрансформаторы: Қазақстан мен Орталық Азиядағы машина жасау саласындағы инновациялық серпіліс.

зауыт

Бұл мақала «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында жүктемемен кернеуді реттеу және өндіріске енгізу арқылы 220 кВ қуат класындағы, 63 МВА автотрансформатор технологиясын әзірлеу» ішкі жоба аясында,  «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында қаржыландырылып, Дүниежүзілік Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қолдауымен жарық көрді. Мәлімдемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің ресми ұстанымын қамтымауы мүмкін.