Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Еліміздің батысындағы әскерилер мамандық бойынша дайындықты аяқтады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы оқу кезеңінің басталысымен барлық санаттағы әскери қызметшілермен жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша дайындық аяқталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің батысындағы әскерилер мамандық бойынша дайындықты аяқтады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандық бойынша дайындық бөлімше командирлері мен сержанттарының басшылық етуімен жүргізілді. Сабақтарды сапалы өткізу үшін әрбір әскери мамандық бойынша оқу топтары құрылды және жан-жақты дайындалған әскери қызметшілер санынан нұсқаушылар анықталды.

- Мамандық бойынша даярлықтың басты мақсаты – жеке құрамға өзінің лауазымдық міндеттеріне тиісті білімді беру, штаттық қару-жарағы мен әскери техникасын оқу және атыс қаруын қалыпты ұрыс жағдайына келтіруді үйрену болып табылады. Бүгінгі күні жалпы саны 3000-ға жуық жауынгерлер 160 оқу топтары бойынша, 400-ден аса тәжірбелі сержанттардың жетекшілігімен тәлім алды, - дейді өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, полковник Нұрлан Алдияров.

Сабақтар барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы іс жүзінде қолдануына, штаттық байланыс құралдарында жұмыс жасай білулері мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге көңіл бөлінді.

Ендігі кезекте әскери қызметшілер бөлімшелердің даярлығына кірісіп кетті.