27 Маусым, 2019

Қосымша 140 медицина маманы жұмылдырылды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде Арыста зардап шеккендерге байланысты брифинг өткізді.

Қосымша 140 медицина маманы жұмылдырылды


«Арыс қаласындағы жарылыстан кейін 409 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 329-ы амбулаториялық ем алып, 80-і ауруханаға жатқызылған болатын. Бүгінге дейін ауруханаға түскен 15 адам сауығып шықты және бір кісі қайтыс болды. Қазіргі уақытта ауруханаларда 64 науқас ем алуда. Жағдайы ауыр 9 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның 4-і бала. Екі баланы елордаға жеткізу үшін санитарлық авиация Шымкентке ұшып шықты. Олар астанаға «Ана мен бала» Ұлттық орталығына ауыстыралады. Тағы бір науқас Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханасына жеткізілмек», деді Е.Біртанов.

Оның мәлімдеуінше, жарақат алған барлық науқастарға көмек беру үшін жедел жәрдем көмегін ұйымдастыру мәселесі шешілген. Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан және Жамбыл облысынан 20 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп, күзетуде. Қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті. Ауруханаларда жатқан науқастардың 90 пайызы, яғни, 64 науқастың 56-сы түрлі жарақаттар алған. 6 науқас түтіннен уланған және 2 адам оққа күйген.

«Медициналық көмек көрсетуге басқа облыстардан және Түркістан облысынан 140 дәрігер жұмылдырылды. Олар эвакуациялық пунктерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде», деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Ақ халаттылардың арасында жедел жәрдем мамандары ғана емес психологтар да бар екенін жеткізген министр қала ашылғаннан кейінгі алғашқы міндет сондағы ауруханаларды жедел жөндеп, жұмысты қалпына келтіру екенін атап өтті.


Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»


Соңғы жаңалықтар