Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Елордада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фестиваль 5-6 шілде күндері ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында өтеді деп хабарлады елорда əкiмдiгiнiң ресми сайты.

Елордада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді

Сахнаға Латвия, Оңтүстік Корея, Литва, Бурятия, Эстония, Украина, Зимбабве, Мозамбик, Франция, Алжир, Испания, Тува Республикасы, Ресей және Қазақстанның 13 музыкалық ұжымы шығады. 

Фестиваль Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Кеш 17:00-де басталады. Кiру тегiн. 

Фестиваль аумағында жəрмеңке мен шеберлердің этникалық қалашығы ашылады. Концерт қонақтары қолөнершілер ұсынатын киім-кешектер, музыкалық аспаптар мен кəдесыйлар сатып ала алады. Фестиваль көрермендері мен қонақтарына жанды дауыстағы музыкалық туындылармен қатар, жобаға қатысушы мемлекеттер туралы интерактивті фильмдерден тұратын ерекше шоу ұсынылады. Көрермендер заманауи технологиялармен үйлестірілген дәстүрлі аспаптардың ерекше үнін тыңдай алады. 

Концерт сахнаның екі жағына қойылған үлкен LED-дисплейлерден онлайн түрде көрсетіледі. Дәстүр бойынша, фестиваль The Spirit of Tengri жобасының YouTube-арнасынан тікелей көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55