Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Өткен аптада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы 17 сектор бойынша техникалық тексеру жүргізіп, Арыс қаласында үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану дәрежесін қағазға түсірген болатын. Арнайы комиссия қаладағы барлық үйлердің 85 пайызы жөндеуді талап ететінін анықтады. Осылайша, 752 жұмысшының қатысуымен 80-нен астам құрылыс компаниясы шілденің шіліңгір ыстығына қарамай, жұмысты бастап кетті.
Бүгінгі таңда шаһардағы бүлінген 247 жеке үй жөнделіп жатыр. 17 сектор бойынша алғаш болып Жамбыл, Қарағанды облысының құрылысшылар тобы жұмысқа қызу кірісті. Алдағы мақсат – бір ай ішінде ойраны шыққан ортаны ретке келтіріп, тұрғындарды біржолата қоныстандыру. Арыстың тамырына қайта қан жүгірту.
Осы мақсатты жүйелі жүзеге асыру үшін кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Арыс қаласында апталық аппарат мәжілісі өтті.
«Халықтың мұң-мұқтажын жедел шешуіміз керек», деп сөз бастаған Өмірзақ Естайұлы қысқа мерзімде қаланы қалпына келтіру, тұрғындарға жағдай жасау бағытындағы барлық мәселені талқылады. Әрі осы жауапты міндетті отаншылдықпен, жанашырлықпен атқару керектігін айтты.
«Арыста 1 ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан ұйымдастыра алмаса, жауаптысын жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар мен қалалар салғырттық танытса, Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек», деді әкім 17 сектордың жұмысын жандандыру жөнінде тапсырма беріп.
Әрбір сектордың жұмысын өңір әкімдерінің және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және Арыс қаласынан бір жауапты өкіл, жалпы саны 51 адам үйлестіреді. Жеке-жеке штаб құрып, үйлердің құрылысы, гуманитарлық көмек тарату, қауіпсіздікті сақтау, қаланы тазарту, тұрғындарды ақпараттандыру және өзге де мәселелер бойынша күн сайын мәлімет беріп отырады.
Аппарат мәжілісінде Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, ШҚО облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарлары мен жауапты өкілдерінің мәліметтері тыңдалды. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жауапты өкілдері де өздеріне тапсырылған жұмыстардың барысын баяндады. Аудан әкімінің орынбасарлары да есеп берді.
Бүгінде Арыс қаласындағы үйлерді тексеру, құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құнын есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір үйлердің терезелері ауыстырыла бастаған. Барлық сектор бойынша үйлерді тексеру, акт толтыру жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігерлер анықталып, құрылыс бригадалары жасақталған.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты үйлердің шатырлары, сыртқы көрінісі жинақы әрі біркелкі болуы керектігін ескертті. Азық-түлік үлестіру және өзге де жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті белсенді тұрғындарды тартуды тапсырды. Сонымен бірге қаланы ауыз сумен, электр қуатымен үздіксіз қамту, балаларды демалыс орындарына жіберу, өрт қауіпсіздігін сақтау, атаулы әлеуметтік көмектерді уақтылы аудару мәселелері де талқыланып, нақты жоспарлар жасалды.
Арыстағы құрылыс жұмыстарының басталуына орай қажетті материалдардың бағасы өсе бастағаны байқалады. Аталған жағдайдың алдын алу үшін облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен бағаны ұстап тұру үшін кәсіпкерлер мен базар басшыларының басын қосқан жиын өтті. Нәтижесінде екіжақты меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында құрылыс материалдарын өндіретін 40-тан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындар негізінен темір-бетон бұйымдарын, инертті материалдарды, битум, әк және цемент өндіреді. Құрылыс материалдарының 36 позициясы бойынша талдау жүргізілді. Олар негізінен инертті материалдар, темір-бетон бұйымдар, цемент, арматура, бұрыш, швеллер, арқалықтар. Материалдардың 15 позициясын, инертті материалдарды, күйдірілген кірпіштерді, тауарлық бетонды, битум, цемент, электр кабелін, модульдік қазандарды немесе қазандықтарды және жиһазды Түркістан облысының кәсіпорындары 100 пайыз қамтамасыз ете алады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жөніндегі тапсырмасына орай қазіргі таңда облыс көлемінде жұмыс жүргізіліп жатқаны жұртшылыққа аян. Осы аталған тапсырманы орындау үшін Түркістан облысы әкімдігі кәсіпкерлермен кездесіп отыр», деді М.Мырзалиев.
Кездесу нәтижесінде, облыстағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын басшылары бағаны көтермеуге уәде етті. Құрылыс компаниялары өз кезегінде, жергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін құрылысқа жергілікті құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдерін пайдаланатынын жеткізді.
Арыс – Түркістан
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар