Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Ойға алған істің орайлы мүмкіндігі

368 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әдетте ынталы бас­тамалар әлеуметтік қа­­жеттіліктен туа­ды. Олар­дың жүзеге асуы үшін облыста 2008 жыл­дан бері дәстүрлі өткі­зілетін Әлеуметтік бас­тамалар мен жобалар жәр­меңкесіне түскен әр жобада шешімін күткен мәселелер кө­теріледі, өмірді жақсартуға ұм­тылыс байқалады.

Ойға алған істің орайлы мүмкіндігі

Байқауға биыл 66 үкімет­тік емес ұйымнан 91 өтініш түскен. Жәрмең­кеге түскен шағын және жергілікті қ­о­ғамдастық проблемаларын шешуге бағытталған жо­ба­лар байқауы кәдімгі дуыл­даған бәйге іспеттес. Ке­лу­­шілер де, комиссия­ мү­шелері де жобаларда кө­­те­рілген мәселелердің өзек­­­тілігін таразыға салады. Кө­терілген мәселенің әлеу­мет­тік өзектілігі өткір бол­ған сайын, жеңіс мәресі де жа­қындай түседі. Сараптау ко­мис­сиясы биыл шағын жобалардан 7 аталым бойынша 7 жұмысты таңдап алып, олар­дың әрқайсысына 200 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Жоба шағын болғанымен, маңыз­дылығы жөнінен сал­мағы жеңіл емес. «Еңбек – қоғам негізі» аталымы­ бо­­йынша Меңдіғара ауда­нын­­дағы «Ескерткіш шы­рақ­­шылары» баста­машы­ тобының «Жұмысшы маман­дық­тарының мәртебесін көтеру және еңбек әулет­терін насихаттау» жоба­сы жеңім­паз атанды. Мәселенің маңыз­дылығын жобаның аты-ақ айтып тұр. Сол сияқ­ты «Жергілікті өзін­ өзі бас­қару және жер­гілікті қоғам­дастықтар», «Ше­карасыз әлем», «Бүгінгі бақытты ба­ла­лық – ертеңгі мықты Қазақ­стан», «Адам капиталы – жаң­ғырту негізі», «Ақылды технологиялар», «Мықты жастар – мықты ел» аталымдары бойынша сертификатқа ие болған жобалардың барлығы да демеуді, қаржыландыруды қажет ететін өткір проблемаларды ортаға салған.

Әлеуметтік мәселе­лер­ді жергілікті қоғамдас­тық­тар­мен бірлесіп шешуді мақ­сат ет­кен 4 жоба таңдап алынып, олардың әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Солардың бірі Ұзынкөл ауданындағы «Ұзынкөл ауданы жастары» қоғамдық бірлестігіне мүше бастамашы топ көтерген «Қанатты доп» жобасы ауыл­дағы мектеп оқушылары тәр­биесіне қажетті өткір мәсе­лені қозғайды. Ауыл мек­тебінің спорт алаңы жоқ. Аудан орталығындағы №2 Ұзын­көл орта мектебінің 242 оқушысы, 1 аула клубы мен балалардың 4 спорт сек­циясы спорт алаңына зәру. Оқушылардың денешынық­тыру сабағы көшеде өтеді. Ал спорт алаңын салу қаржыға келіп тіреледі. Жергілікті ат­қару органдарына қаратпай-ақ, мұны «Ұзынкөл жастары» қоғамдық бірлестігі өздері ше­шуді қолға алыпты. Осы мектептегі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Алмас Оспа­нов жобасын әлеуметтік бас­та­малар мен жобалар жәр­меңкесіне ұсынып көру­ге тәуекел етті. Ол ұтқан қар­жы­­ға бастапқы құрылыс материалдарын алса, қалған жұмысқа аудандағы шаруа қожалықтары көмек беруге уәде етті. А.Оспановтың жо­лы бол­ды, жәрмеңкеде 500 мың теңгенің сертификатын ұтты.

– Жеті шаруашылық кө­мек береміз деп отыр. Әлі қиыр­шық тас, жұмыс күші, тех­никалар керек. Оған кө­мек беретіндер бар. Алдағы оқу жылы мектептің өзінің спорт алаңы болады, – дейді А.Оспанов.

Жәрмеңкеге тек әлеуметтік бас­та­­малар ғана емес, бизнес-қоғам­дас­тықтар да қатысты. Онда «Милх» сүт зауыты Қостанай қаласын­дағы «Эко­патруль» бастамашы то­бының «Гүлдене бер, туған же­рім!» жобасын 200 мың тең­гемен қаржыландырды. Сонымен қатар биыл Қос­та­най облысы бойынша «ГРиН» Азамат­тық альянсы» қоғамдық қоры ауыл­дағы үкі­меттік емес ұйымдар әле­уетін күшейту мақсатында 8 жобаны қаржыландырып, олар­дың әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды.

– Жәрмеңке бастамашы­ топ­тардың үкіметтік емес ұйым­дар дең­гейіне дейін өсуі­не мүмкіндік береді. Оның қалалар мен аудандар­да жақсы мысалдары көп. Бастамашы топ жәрмеңкеге қа­тысқан сайын өздерінің пікір­лес­терін табады, қо­ғам­­дастыққа бірі­геді. Аутизммен ауы­ратын балалар мен мү­ге­дек балалар аналары бі­рі­гіп, жәрмеңкеге өте өзек­ті мәселелер жо­баларын­ ұсы­нып отырды. Олар жәрмең­кеден ұтқан қаржы арқылы ка­бинеттер ашты, оны құ­рал­дармен жабдықтады, солай өз аяғынан тұрып кет­ті, – дейді облыс бойынша «ГРиН» Азаматтық альянсы» қоғамдық қоры­ның төрайымы Динара Өтебаева.

Әлеуметтік бастамалар мен жобалар жәрмеңкесі ар­қылы игілікті істер­дің жүзеге асып жатқанын жеңім­паздарға облыс әкімі атынан сертифи­каттар тапсырған облыс әкімінің орын­­басары Марат Жүндібаев та жал­ғас­тырды.

– Қоғамдағы әлеуметтік мәселе­лерді шешуде үкімет­тік емес ұйым­дардың ма­ңы­­зы арта түсті. Төрт-бес­ жылда бұл іске бизнес қо­ғам­дас­тықтардың белсен­ді­лігі артып келеді. Соңғы жәр­меңкедегі жоба­ларға он бизнес ұйымы қатысып, әлеу­меттік мәселелердің шешімін табуына қолдау білдірді, – деді Ма­рат Қо­ныс­­байұлы. Биыл 516 мил­­лион теңгеге 312 жоба жү­зеге асады. Жо­баларды қар­­жыландыру осыдан үш жыл бұрынғы уақытқа қара­ғанда үш есе көбейді. Аза­маттық қо­ғам­ның дамуы осылай істен кө­ріне бастады.


ҚОСТАНАЙ