Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Білімді ұрпақ - ел болашағы

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өркениетті елдер-болашағын біліммен байланыстырып негізгі инвестицияны жастарға салады. Елімізде ірі өндіріс орындарының жұмысын жүргізу үшін шетелдерден мамандар шақыртылатындығы көбіне әлеуметтік теңсіздіктерге алып келеді.

Білімді ұрпақ - ел болашағы

Қызылорда облысын бүгінде ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев басқарып тұрған жылдарда талапты жастарды мықты мемлекеттерден өзімізде жоқ мамандықтарға оқыту жолға қойылған еді.

Өңірлік Коммуникациялар қызметіндегі ақпарат алаңында осы мәселе айтылды.

Мәселен, 2013 жылдан бері Қызылорда облысында әлеуметтік салаға бөлінген қаржы республикада алдыңғы орынға шықты. Аймақта 2013 жылдан бастап 3 ауысымда оқитын мектептер қатары толықтай жойылып, олардың орнына жаңа мектептер салынды. 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы іске асырылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 100% қамтылды. Қызылорда мектептерінің 2017 және 2018 жылдардағы түлектерінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы - РФ үкіметінің гранты бойынша Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында 500 астам мектеп түлектерін оқытуды ұйымдастыра алған республикадағы жалғыз аймақ.

Қызылордалықтар алдағы күрмеулі мәселелерді шешуді ерте бастан қолға алған бұрынғы басшыға алғыс айтады.


Қызылорда облысы