Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Алматыда «Үндестік» атты сурет көрмесі ашылады

963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 шілде күні Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға әр түрлі жанрда қалам тербейтін автордың 30-дан аса жұмысы қойылады.

Алматыда «Үндестік» атты сурет көрмесі ашылады

Табиғаттың сұлулығы, қазақ тұрмысының жанға жылылығы, балалық шақ тақырыбы Қарлығашты кескіндемелік композицияларды жасауға қанаттандырады.

«Текелі», «Қызыл өлке», «Сайрам суы», «Таң» атты туындыларында туған өлкенің саф таза түсі берілген. «Ана», «Мәдина», «Балалық шақ», «Бақ ішінде», «Бір кесе су» жұмыстары күнделікті өмірдің қуаныш энергиясына толы. Қ. Қарлығаштың кескіндемесі әлемді өткен заманның образдары қазіргі заманмен еркін үйлесім табатын оның жеке өзінің қабылдауына негізделген. Кескіндемелердің түстік және композициялық шешімі, суреттелген бейнелерді техникалық беруге жасаған эксперименттері суретшінің өзінің дүниені сезінуін жарқын да ықшам мәнерде көрсетуге ұмтылатынын дәлелдейді», деді көрме жетекшісі Гүлнұр Жұбанова. 

Қансейт Қарлығаш Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет мектебін тәмамдады. 1993 жылдан сол өзі оқып, түлеп ұшқан мектебінде сабақ береді. 1995 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелердің қатысушысы.

АЛМАТЫ