Президент • 02 Шілде, 2019

Президент Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы медиа компанияның басшысына ілтипат білдіріп, жақында ғана Bloomberg агенттігінің журналистеріне сұхбат бергенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Қазақстан Президенті Bloomberg компаниясының бүкіл әлем бойынша әскерлік және қаржылық ақпарат тарататынын атап өтіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету үшін оның айрықша рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңынан тікелей хабар тарататын Bloomberg студиясын ашу, беделді халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын тарту үшін медиахаб құру, ірі ұлттық компаниялардың акцияларының «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасына шығуын сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту перспективалары жөнінде пікір алмасты.