Қоғам • 03 Шілде, 2019

Ғылым мен өндірістің бірлігі – инновациялық жетістік көзі

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұ­най және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» жұмысы 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының алдын-ала ірік­теуі сәтті өтті.

Ғылым мен өндірістің бірлігі – инновациялық жетістік көзі

Отандық ғалымдар «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) базасында тез қататын және жоғары тұтқырлы мұ­най­­ды тасымалдауда есептеу, жос­­парлау және оңтайландыру жү­йесін құрды, сондай-ақ ҚТО кә­сіп­орындарында SmartTran ма­гист­ральдық мұнай құбырлары бо­йынша мұнай тасымалдаудың бірегей отандық сандық технологиясы енгізілген.

SmartTran бағдарламалық жа­сақтама нақты уақыт режімін­де диспетчерлік басқармадан алын­ған деректерді өңдейді, олар­­ға мониторинг пен ыңғайлы тұр­пат­тағы визуализация жүргі­зе­ді. Айта кету керек, бұл ин­но­ва­циялық зерттеу мұнай айдаудың энер­гия үнемдеу тәртіптерін есеп­теу және мұнай құбырының тоқ­тау қауіпсіздік уақытын бел­гі­леу бойынша функционалын қамтиды. Жиынтығын­да ма­гист­ральдық мұнай құбы­рын пай­да­ланудың сенімділігі мен жұмы­сы­ның тиімділігі ұлғая түседі. 

Бұл инновациялық техноло­гия ҚТО-ға әлеуметтік экономикалық басым мәселе­лерді шешумен бірге, ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсе­ке­ге қабілеттілікті арттыруын қам­тамасыз етті.

Отандық ғалымдар Е.Қ.Бей­сембетов, Т.Т.Бекібаев, Ұ.Қ.Жап­басбаев, Б.К.Кенжалиев (Сәт­баев университетінің ғалым­дары) және Е.Махмотов, Б.К.Саяхов («ҚазТрансОйл» АҚ-ның ға­лым­дары) мұнай құбырлары ар­қылы тасымалдауда отандық цифр­лы технологияның табысты қол­дануын көрсетті.

Осы жұмыстың авторлары жасаған SmartTran бағдар­ламалық жасақтамасы мұнай және мұ­най қоспаларын тасымалдау­ды оңтайлы басқару жүйесін анықтау және энергияны үнемдеу мәселесінің шешімін анықта­ды. SmartTran бағдарламалық жасақ­тамасы оған ұқсас көптеген шетелдік бағдарламалармен са­лыстырғанда келесі артық­шы­лықтарға ие:

1. Депрессорлық қоспаны қол­дану арқылы тез қататын мұ­найды тасымалдауда энергия үнемдеу сорғы агрегаттарының оңтайлы режімдері арқылы анықталды;

2. Қыздыру пештерінің үнем­ді жұмыс істеуін мұнай құбы­ры­ның гидравликалық және жылу­лық көрсеткіштеріне байла­ныс­­ты мұнай қоспасын ыстық айдау­дың оңтайлы температурасы анықталды;

3. Жанармай мен электр энергиясы тарифтерінің айырма­шылы­ғын ескере отырып, мұнай қос­па­ларын тасымалдаудың тех­но­ло­гиялық режімдерінің эко­но­ми­калық тиімділігі анықталды.

Жұмыста келтірілген және практикада бекітілген нә­ти­же­лердің қорытындысы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбы­ры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» жұмысы мен оның авторларының 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына әбден лайықты екенін көрсетеді.

А.Құлтумиев, 

«ҚазТрансОйл» АҚ

Бас директорының орынбасары