Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Әуе толқынында – «Atyraý radiosy»

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бағдарламаны бір уа­қытта радиодан тың­дап, теледидар­дан кө­руге бола­ды. «Қа­зақ­стан» ТРК» АҚ Атырау об­лыс­­­тық филиалы «Efir­de 102.0 FM» деп ата­­ла­тын те­лера­дио­­­бағ­дар­ла­ма­ның ал­ғаш­қы санын эфирге шығарды.

Әуе толқынында – «Atyraý radiosy»
Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге атыраулықтардың көмегі туралы айтылған бағ­дар­лама «Atyraý radio­sy»-ның жаңа студиясынан әуе толқынына тарады.

Бағ­дарламаның ал­­ғаш­қы қонағы болған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 80 жыл­­­дық тарихы бар облыс­тық телеарнаның заман талабына сай жабдықталып, көрермен көзайымына айналып отырғанын атап өтті. 

Жергілікті радионың т­аралу аумағы бұған дейін 3 шақырым ғана бол­ған еді. Іске қосылған ке­ңей­тілген диапазонды 1000 ки­ловаттық жа­ңа ра­дио­таратқыштың ар­қа­сында атыраулықтар әуе толқынын жаңа сапа­да тыңдай алады. «Қа­зақ­­стан-Атырау» телеарна­сы­ның басшысы Қанат Әуес­байдың айтуынша, ра­диотолқын енді 60 ша­қырымға дейін таралады. Мұнайлы аймақ тұр­ғын­дары 102.0 FM жиі­лігінде 17 сағат бойы «Aty­raý radiosy»-ның ха­бар­ларын тыңдай алады.