Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Ыстық 60 градусқа жетті ме?!

1975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада күннің ыстығы 60 градусқа жеткендіктен май құйған табаға бауырсақ қуырып отырған видеоролик әлеуметтік желіге тараған еді. Расында, солай ма?

Ыстық 60 градусқа жетті ме?!

Алайда, Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Әйгерім Жүкенова бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы 2019 жылдың 24-25 маусым күндері облыстың басым бөлігінде +43 +44 °C ыстық ауа райы күтілетіндігі туралы дабылды ескерту берді. 25-27 маусым күндері Иран аймағынан жылжыған жылы ауаның әсерінен облыстың басым бөлігінде +43+44 °C қатты ыстық байқалды, 60 °C ыстық тіркелмеді,-дейді ол.

Бірақ, Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Ал, табаға бауырсақ қуырған жағдайға келсек, әзілкеш табаны үйдегі көгілдір отынға әбден қыздырып алып, далаға сосын шығарған сияқты.