26 Сәуір, 2013

Өскемендік өлермен өндірісші

282 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өскемендік өлермен өндірісші

Жұма, 26 сәуір 2013 3:05

мемлекеттен екі миллиард теңге жымқырған

Жұмыртқадан жүн қырқатын кәсіпкер таяу жылдар ішінде мемлекеттің қазынасын 2 млрд. теңгеден астам қаржыға олқы түсіріп берген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жұма, 26 сәуір 2013 3:05

мемлекеттен екі миллиард теңге жымқырған

Жұмыртқадан жүн қырқатын кәсіпкер таяу жылдар ішінде мемлекеттің қазынасын 2 млрд. теңгеден астам қаржыға олқы түсіріп берген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бақылаушы органдардың мә­ліметіне қарағанда, «Предгорный эле­ваторы» акционерлік қоғамы­ның басшысы А.Мерзлов бірнеше жылдың көлемінде қылмыстық жолмен мемлекетке тиесілі дәнді да­қылдар қорын жымқырып келген.

Altaynews.kz тілшісі бармағын жалап үйреніп қалған бизнесменнің осы арқылы мемлекетті 2 млрд. теңгеден астам қаржыға тақырға отыр­ғызып қойғанын жазады. Ма­мандар қалада нан өнімдері ба­ғасының бірден күрт өсіп кетуіне осы­ның негізгі түрткі болғанын да жоққа шығармайды…

Тергеу барысы анықтағандай, жо­ғарыда аталған компания мен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ұлт­тық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында 2008 жылғы 3 қаң­тарда-ақ келісім-шарт жасалып қойылған екен. Соның не­гізінде артынша Предгорный элеваторына үшінші класты 58 569 тонна астық шексіз мерзімге сақ­тап қоюға беріледі.

Алайда, арада біршама уақыт өткеннен кейін аталмыш дақыл қамбасының кенересі айтарлықтай төмен түсіп кеткені анық аңға­ры­лады.

–Үстіміздегі жылғы наурыз айында облыстық прокуратураға Ауыл шаруашылығы министр­лігі агроөнеркәсіптік кеше­нін­дегі облыстық аумақтық инспек­циясының бастығы А.Жақып­баевтан «Предгорный элеваторы» АҚ қоймасында сақтаулы тұрған астықтың іс жүзіндегі көлемін анықтап беру жөнінде өтініш түсті, – деді осыған арналған брифингте Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Болат Шелекенов. – Ал прокуратура қызметкерлері өлшеп тексерудің нәтижесінде іс жүзінде 46 069 тонна көлеміндегі астықтың қолды болғанын анықтады. Осы арқылы мемлекетке 2 миллиард теңгеден артық залал келтірілгені белгілі болып отыр.

Прокуратура аталмыш факт бойынша биылғы 26 ақпанда қылмыстық іс қозғаған. Онда «Предгорный элеваторы» АҚ директоры А.Мерзловқа Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-тармағы бойынша айып тағылған. Бұл «өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және талан-таражға салу» дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын қаржы полициясы жүргізіп жатыр.

– Тергеу кезінде Мерзлов Алма­тыда болды. Бүгінде ол Шығыс Қазақстанға жеткізілді. Күдікті өзінің астық ұрлағаны жөніндегі кі­нә­сін толық мойындады, – дейді Б.Шелекенов.

Тағы бір айтатын жәйт, прокуратура А.Мерзловтың өз айыбын мойындап отырғанына қарамастан, бұл қылмысқа мемлекеттік орган­дардың астықты бақылау мен сақ­тауға жауап беретін басқа да лауазымды тұлғаларының қатысы болуы мүмкін деп санайды.

– Сондықтан тағы да мұқият тексеру жүргізіліп, мемлекеттік ор­гандардың осыған мүдделі тұлғаларының іс-әрекеттеріне баға берілетін болады, – деп түсіндірді мұ­ны прокуратура өкілі. – Бухгал­териялық құжаттарға сәйкес, ас­тық­тың сыртқа шығарылғаны тура­лы мәліметтер сақталған. Ал Мерзловтың өзі бұл автокөлік арқылы жүзеге асырылды дегенді айтады. Бірақ, өздеріңіз ойлап көріңіздерші, орта есеппен әрбірі 15-20 тонна ғана тарта алатын КамАЗ көлігімен 43 000 тонна астықты сыртқа тасу үшін қанша мәшине және қанша күн керек болады? Бұл – оншалықты ақылға сыймайтын нәрсе. Демек, мұнда әзірге біз білмейтін жасырын жат­қан басқа да қылмыстардың іздері болуы кәдік.

Сонымен бірге, қолда бар мәліметтер ұрланған астық­тың Қазақстан аумағында жаратыл­ғанын айғақтайды. Қазір қыл­мыс­тық істің қозғалуына байланысты Мерзловтың мүлкі мен шотына, сондай-ақ «Предгорный элеваторы» акционерлік қоғамының өн­ді­ріс­тік базасына тыйым салынды.

Руслан ИГІЛІК.