Қазақстан • 03 Шілде, 2019

Мұрат Жүребеков Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Жүребеков Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), «Strathclyde» университетін (экономика және басқару магистрі), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

«ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен. 

2017–2019 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).