Руханият • 04 Шілде, 2019

Жас өнерпаздар топ жарды

835 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай өтіп жатқан «Қасиетті домбыра» республикалық байқауы мәреге жетті. Салтанатты марапаттау кешінің соңы гала-концертке ұласып, жеңімпаз ұландар өнерін ортаға салды.

Жас өнерпаздар топ жарды

Байқау дарынды оқушы­ларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығар­ма­шылық әлеуетін дамыта отырып, ұлттық өнерімізді ұлықтауды мақсат етеді. Бай­қау­ға еліміздің түкпір-түк­пі­рінен 12 жастан 16 жасқа дейінгі 35 жас өнерпаз қа­тыс­ты. Жиында сөз алған «Jas Otan» жастар қанатының төр­ағасы Дәулет Кәрібек қо­­ғамды ұлттық мәдениет пен қайта жаңғырту идея­сының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында өт­кі­зіліп отырған жиынның жас ұрпақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Қазақ ұлт­тық өнер университетінің шы­ғармашыл тобынан құ­ралған әділқазылар ше­шімімен «Үздік күйші» аталымы бо­йын­ша Бекасыл Сабыров (Аты­рау облысы) 1-орын, Бақ­дәулет Жанатбек (Жамбыл облысы) 2-орын, Сырсұңқар Базарбайұлы (Қызылорда облысы) 3-орынға ие болды. Ал «Үздік термеші» аталымына Нұр­асыл Азат (Нұр-Сұлтан қаласы) 1-орынға, Жансая Файзуллақызы (Қызылорда облысы) 2-орынға, Айжұлдыз Құлымжан (Атырау облысы) 3-орынға лайық деп танылды. «Дәстүрлі әнші» аталымы бойынша Бекболат Бақ­тиярұлы (Жамбыл облысы) бірінші жүлдені жеңіп алса, Жан­арыс Табылдыға (Атырау об­лысы) жүлделі екінші орын, Шұғыла Нұрбайға (Нұр-Сұл­тан қаласы) жүлделі үшін­­­ші орын бұйырды. Кон­курс­қа қатысқан өзге өрен­дерге сертификаттар мен ақ­­шалай, бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Республикалық, халық­аралық байқаулардың жүл­де­гері атанып жүрген аты­раулық Бекасыл Сабыров осы жолы да «Үздік күйші» ата­лы­мы бойынша топ жарды. Салтанатты кеште Құр­ман­ғазының «Көгала ат» кү­йін нақышына келтіре шебер орындаған ол болашағын күй­шілік өнерімен байланыс­тырады.

«Алғаш домбыраны сегіз жасымда қолға ұстадым. Дом­быраны үйретіп, өнерге баулыған Самал Мүтейова есімді ұстазыма алғыс біл­ді­ремін. 2-сынып оқып жүр­генімде анам «сенен күйші шық­пайды» деп домбыра үйірмесіне қатысуыма қар­сы болған еді. Бірақ өзім айт­қанымнан қайтпай қаты­сам деп шешкен едім. Бүгінгі болған жарыс бізді жаңа дос­тармен таныстырды. Байқау алдағы уақытта жалғасса дей­мін. Болашақта атақты күйші болуды армандаймын», дейді Атырау балалар саз мек­тебінің оқушысы Бекасыл Сабыров.