Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Суға кету оқиғалары жиілеп барады

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов кейінгі кездері суға түсуден жиілеген қайғылы қазалар жайында айтты. Биылдың өзінде 17 адам суға кетіпті.

Суға кету оқиғалары жиілеп барады

«Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселе болып отыр. Өткен жылы суға 22 адам кеткен. Айтар болсақ, 3 – балық аулау кезінде, 9 – суға түсуге арналмаған жерде, бақытсыз жағдайдайда – 2 ересек, 2 бала, белгісіз жағдайда – 1 көз жұмды.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Атап айтсақ, өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Бұларға қоса, суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де су айдындарында бақытсыз жағдайлардың санының көбеюіне теріс ықпалын тигізіп отыр. Департаменттің және оның бөлімшелерімен 2019 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр»,- деді Бақыт Ембергенов.