17 Мамыр, 2013

Жат жерде жүрген жырынды жұртының абыройын төгіп бітті

332 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Жат жерде жүрген жырынды жұртының абыройын төгіп бітті

Жұма, 17 мамыр 2013 1:23

Қазақ шектен шыққан шетін қу, қулығына құрық бойламайтын айлакер, талайдың табанын тоздырған адамды «жырынды» деп атайды. Әдетте, жырындылар біреудің үстінен, әлдекімнің есебінен күн көреді. Сондықтан ондай­лардың айналасындағы адамдарға зиян­нан басқа көрсетері болмайды. Осы тұр­ғыдан келгенде, бүгінде өз еркімен елден қашқан қашқын атанып жүрген бұ­рынғы банкир Мұхтар Әбіләзовтің нағыз жырынды екендігінде ешбір күмән жоқ.

 

Жұма, 17 мамыр 2013 1:23

Қазақ шектен шыққан шетін қу, қулығына құрық бойламайтын айлакер, талайдың табанын тоздырған адамды «жырынды» деп атайды. Әдетте, жырындылар біреудің үстінен, әлдекімнің есебінен күн көреді. Сондықтан ондай­лардың айналасындағы адамдарға зиян­нан басқа көрсетері болмайды. Осы тұр­ғыдан келгенде, бүгінде өз еркімен елден қашқан қашқын атанып жүрген бұ­рынғы банкир Мұхтар Әбіләзовтің нағыз жырынды екендігінде ешбір күмән жоқ.

Жырындылардың тағы бір ерек­ше­лігі, олар ешқашан қолына алған істерін ақырына дейін жеткізбейді. Себе­бі, олар атқарып жүрген тірлігінен тез жеріп шыға келеді. Одан да үлкен себебі, көзіне түскен келесі бір сала сол атқарып жүрген тірлігінен де гөрі тиімді, пайдалы, кірісті сияқты болып көрінеді де тұрады. Бұл олардың қашанда тойымсыз, ашкөз, сұғанақ әрі қызғаншақ болып келетінін көрсетеді.

Қазір қарап тұрсақ, «жырындылар мектебінің» бастауыш, орталау және орта сыныптарынан біртіндеп түгел өтіп шыққан Мұхтардың бойында жоғарыда біз тізіп өткен сипаттамалардың бар­лығы да бар екендігі оның осы кезге дейінгі барша тірліктері арқылы айнадай жарқырап көрініп шыға келеді. Оны жасыру тіпті де мүмкін емес.

Басында бәрі дұрыс басталды. Мек­тепті жақсы бітірген Мұхтар Әбіләзов есім­ді талапкер бірден Мәскеудің инже­нерлік-физикалық институтына түсе қалды. Ақырында осы белді де бе­делді жоғары оқу орнын ол өте жақсы бағалармен тәмамдап шықты. Оқу бітірген бойда Алматыға оралып, Қазақ универститетіне кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. Сол замандардағы өлшем бойынша бұл мансаптың тәп-тәуір болып басталып келе жатқанын көрсететін жайт еді. Осыған орай жас маман жұмысты да жаман атқармаған сияқты. Соның әсері болса керек, ол көп ұзамай өзі бітірген Мәскеу институтының аспирантурасына барып түседі…

Ал Мұхтардың аспирантураны бітірер шағына алып Одақтың құлайтын тұсы тура келді. Дүниенің демде астаң-кестеңі шығып, бұрыннан қалыптасқан жүйе бір-ақ мезетте сетінеп кетті. Осы кезде қарманып қалып, жеңіл ұшып өзі келетін мол байлық пен қыруар ақшаның иісін сезе қойған Әбіләзов енді Мәскеу инженерлік-физикалық институты мен оның аспирантурасында алған білімі мен білігін сол сәтте-ақ бірден тәрк етіп тастап, бизнеске қарай құлдыраңдай жөнелді.  Осыдан бастап, Мұхтар күрт өзгерді. Осыдан бастап оның ішінің бір бүрінде жылдар бойы жасырынып жатқан ашкөздік атты вирусы шалт қозғалып, бүкіл денесі мен ақыл-ойын шарпып ала бастады. Сол ашкөздік оны кәсіпкерліктің алғашқы айларынан бастап, қатты айналдырып алды. Соның салдарынан ол өзіне қызмет жасаумен бірге, ақша келтіріп жүрген мамандары мен жұмысшыларының айлық жалақыларын дұрыс төлемеуге, кемітіп бергендерінің өзін кешіктіріп қолға тигізуге дағды ала бастады. Тіпті оның осы кездері ақша жасаудың көзіне айналған кәсіптерінің де көбі күмәнді тірліктер еді. Дәл қазіргі күні әлдекім сондай кәсіптерге барса, қаржы полицейлері оны тап бастырмай ұстаған болар еді. Бірақ бұл 90-жылдардың басы, әлі қоғамның толық орныға қоймаған кезінде орын алды. Осыны жақсы пайдаланған Әбіләзов алғашқы мол капиталдарын жинап үлгерді.

Осылай ақша тапқыштығының да әсері болған шығар, басында тірлігін шағын кәсіпкерліктен бастаған Мұхтар араға тым көп уақытты салып жатпай, ірі холдингтік компанияның басшысы атанып шыға келді. Бірақ Әбіләзов мұнымен де шектелгісі келмеді. Мұның артынша энергетик болуға ықылас білдірді. Айтты-бітті. Энергетика институтының қабырғасында бір күн де отырып көрмеген Мұхтар осылайша KEGOK акционерлік қоғамының тізгінін сарт еткізіп ұстай алды. Мұнда да көп байланып отырған жоқ. Біршама уақытты өткізер-өткізбесте Энергетика, индустрия және технология министрінің орынтағына қонжия қалды. Әлбетте, бұл оған берілген үлкен аванс еді. Ұйымдастырушылық қабілетінің зор екенін байқаған жоғарыдағылар оның министрлік тізгінін ұстасымен жұмысты жаңа заманның талабына сай басқарып, ірі топ-менеджердің, бола­шағы зор басқарушының рөлін атқа­ратынына әбден сенген сияқты.

Алайда, «сенген қойымыз» үмітті ақтай алмады. Министр лауазымында отырғанына бір жарым жылдай ға­на мерзім толғанда, оның үстінен ал­ғаш­қы іс қозғалды. Соның салдары­нан ірі көлемдегі мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны дәлелденіп шыққан Әбіләзов 1999 жылдың қазан айында сотқа тартылды. Осында оған ірі көлемдегі ақша қаражатын ұрлады, табысын жасырды, ұйымдасқан  қылмыстық топ құрды және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылды. Осымен Әбіләзовтің күні біржола батып, мансабының маңдайына қайқайған қара шеге қағылғандай көрінген. Әйткенмен, «өлді деген батырың өгіз мініп келедінің» кері болды да шықты: Мұхтар бұл зұлматтан да аман қалды. Сол кезде екінші қатарға кетіп, өзін көп көрсете қоймаған мансапқор бұқпантайлап көп жүре алмады. Артынша ірі авиа­компанияның бұрандасын ұстады. Бұ­дан кейін аяқ астынан банкир болып кетті. Бірақ асап үйренген ауыз мұнда да ұрынды. Мұның соңы 2001 жылы оны қылмыстық жауапкершілікке тағы әкелді. Тіпті қамауға да алынды. Сол кезде ол өзін саясаткер етіп көрсете қойды. Осыған орай өзгелерге үлкен бір қозғалысты бастап жүргендей әсер қалдырды. Ақырында оның ұйымдасқан қылмыстық топтан ажырамайтыны анық болғасын, 2002 жылғы ақпанда сотқа тағы тартылды. Оған елден шы­ғуға тыйым салынды. Осының артынша, келесі жылғы наурызда ол заңсыз кә­сіпкерлікпен айналысқаны және ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін қамауға алынды. Сол үшін 6 жыл­ға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ба­ғы бар екен сәуір айында «жаздым-жаңылдым» дегесін, оған рақымшылық жасалды.

Осыдан соң бәрі орнына келгендей бол­ған. 2005 жылы Әбіләзовке елдегі ірі банктің тізгіні сеніп тапсырылды. Ал оның соңы қалай болғанын бәріміз де білеміз.

Сол жырынды қазір шетелде жүріп жұртының абыройын түсіріп бітті.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

_________________

Суретті салған Сергей Мурзасов.