«Кәсіптік біліммен қамту артып келеді және қазірдің өзінде ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне жақындап қалдық. Кадр дайындауға жұмыс берушілерді тарту үшін серіктестік тетігі дамуда, бұл - дуальды оқыту. Дуальды оқытумен 438 колледж және 3 мыңнан астам жұмыс беруші қамтылған. Біз дуальды оқытуды дамытқымыз келеді. Бұған, сонымен қатар, колледждерімізді ірі инвесторлардың сенімді басқаруына беру де кіреді. Қазірдің өзінде 5 колледжді сенімді басқаруға бердік және 100-ден астам инвестор қызығушылық танытты», - деді министр.
Сондай-ақ бас мұғалім «Жас маман» жобасына бюджеттен 58 млрд теңге бөлінгенін, ал бұл қаражатқа заманауи құрал-жабдықтар сатып алынатынын айтты.
«Бұл ретте біз сапалы кадр дайындау үшін кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды орнату мақсатында инвесторлармен, бизнеспен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Дайындайтын мамандықтарға түгендеу жүргіздік. Талап етілетін жаңа бағдарламалар ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз және бизнестің өтінімі негізінде бұған дейін болмаған 24 жаңа білім беру бағдарламасын аштық», - деді А.Аймағамбетов.
Министр, сондай-ақ, таяу уақытта колледждердегі білім бағдарламаларының барлығы жаңартылатынын атап өтті.
«Шетелдік инвесторлардың жәрдемімен колледждерде құзірет орталықтары ашылуда. 2023 жылдың соңына дейін мұндай орталықтар барлық жерде жұмыс істейтін болады», - деді А. Аймағамбетов.
фото: Қазақпарат