Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Әскери қызметшілер оқушылар мен студенттерді әскери істің қыр-сынына үйретуде

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе гарнизондарының әскери қызметшілері өңірдегі жалпы білім беру оқу орындары мен колледж студенттеріне алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиынын өткізді.

Әскери қызметшілер  оқушылар мен студенттерді әскери істің қыр-сынына үйретуде

Жиынның негізгі мақсаты бозбалаларды еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту, жасөспірімдердің әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін қажет практикалық машықтықты жинақтау болды.

Аталмыш жиынды ұйымдастыру мақсатында, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәжірибелі офицерлері мен нұсқаушы-сержанттары жұмылдырылды. Олар оқу взводтарының жетекшілері болып тағайындалып, қысқа уақыт аралығында әскери тәртіп пен ұқыптылыққа бейімдеуге бар ынталарын жұмсады.

Жиынға барлығы 10000-ға жуық оқушылар мен студенттер тартылды. Далалық сабақтар барысында оқушылар әскери қызметтің ерекшелігі және әскери қызметшілердің міндеттерімен танысып, тактикалық дайындықтың, жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерінің, саптық дайындық негіздерінің, қаруды жинап-шашудың, оқ атудың амалдары мен қағидаларының қыр-сырын зерделеді. Сондай-ақ, әскери әндерді орындай отырып, әскери-саптық көрсетпелі көрсетілімдерге белсене қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша өздерінің шеберліктері, үйлесімділіктері, керемет дайындықтарымен көзге түскен оқушылар грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.