23 Мамыр, 2013

Жұмысшы жалақысының жөні бөлек

346 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жұмысшы жалақысының жөні бөлек

Бейсенбі, 23 мамыр 2013 2:54

Біз кезіңде «Еңбек ет те, міндет ет» деген ұстанымды ұстаған қоғамда өмір сүрдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл қағида аяқасты болып барады. Көптеген еңбек ұжымдарында жұмыс адамының жалақысын уақтылы төлемеу, кейде тіпті мүлдем бермей қою үйреншікті үрдіске айналды. Бұл көбіне-көп бюджеттік емес мекемелерге тән болып отыр. Мұның өзі ең алдымен еңбек адамының конституциялық құқықтарын бұзу болып табылады. Сондықтан аталмыш өзекті проблемаға прокуратура органдары араласа бастады.

 

 Бейсенбі, 23 мамыр 2013 2:54

Біз кезіңде «Еңбек ет те, міндет ет» деген ұстанымды ұстаған қоғамда өмір сүрдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл қағида аяқасты болып барады. Көптеген еңбек ұжымдарында жұмыс адамының жалақысын уақтылы төлемеу, кейде тіпті мүлдем бермей қою үйреншікті үрдіске айналды. Бұл көбіне-көп бюджеттік емес мекемелерге тән болып отыр. Мұның өзі ең алдымен еңбек адамының конституциялық құқықтарын бұзу болып табылады. Сондықтан аталмыш өзекті проблемаға прокуратура органдары араласа бастады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы қарышты қарқынмен жүріп жатыр. Оның еліміз ау­ма­­­ғын­дағы ең ұзын бөлігі де Қы­­­зылорда облысының үле­сіне тиеді. Осы ұлы жолдың құ­ры­лысында 4 бас мердігер, 100-ден астам субмердігерлік құры­лыс ұйымдары жұмыс жасауда. Облыстағы еңбек адамының жа­ла­қыларын дұрыс және уақтылы төлемеу деректерінің көбі мен кө­лемдісі де негізінен осы жол ме­ке­мелерінің төңірегінен шығып жатыр.

Жасыратыны жоқ, облыс прокуратура органдары қазіргі таңда осынау күрделі де өзекті проблеманы шешуде орасан зор жұмыстар атқаруда. Содан да шығар, жұмыс адамдары арасынан бүгінде біздің салаға осы мәселеге байланысты шағым айтып, туындап отырған тығырықтан шығарып беруді өтініп келетіндер көп.

Жақында бізге сондайлардың бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізіндегі субмердігерлік ұйым – «Жылы­ойқұрылыссервис» ЖШС-ында еңбек ететін 370 адам қол қойған арыз келіп түсті. Хат жолдарында олардың өткен жылғы қыркүйек айынан бері жалақы алмағаны туралы айтылған. Ал жалпы қарыздың мөлшері бұл кезде 57 млн. теңгеден асып түсіпті. Біз үшін қиындық туғызған ең басты проблема серіктестік кең­се­сінің Атырау облысында орналасқандығында болып шық­ты. Осыған орай мұнда жұмыс жа­сай­тындардың тек жартысы ғана Қызылорда облысынан алыныпты да, қалғандары аталмыш аймақтан вах­талық тәсілмен қатынап жұ­мыс істейді екен. Ал Байқоңыр қа­ла­сымен іргелес Төретам және Ақай кенттерінен жұмысқа алын­ған жұмысшылардың сонау бір қияндағы мекеме басшыларын көре қоюлары екіталай. Арқаны кеңге салған серіктестік жетекшілері де мұндағы жұрттың қалай күн көретіндерін ойлауды ұмытқан.

Бұл мәселені Байқоңыр қа­ла­сы прокуратурасының арнайы тексеруі нәтижесінде жұ­мыс берушілердің тек жалақы тө­леу­ді ғана кешіктіріп қоя салмай, олардың зейнетақы қор­ла­ры­на түсуге тиісті міндетті төлем­дерін де осы кезге дейін жібер­ме­гендері анықталды. Бұ­ған қоса, жұмысшылардың ай­лық жалақылары ұдайы негізсіз төмен­детіліп отырған. Базбір жұ­мысшылардың аты-жөндері тіп­ті ақша алатындар ведомостысын­да да жоқ болып шықты. Сол сияқ­ты келісімшарттарын күні бұ­рын үзген азаматтар еңбекақы бой­ын­ша қарыздары жөніндегі құжаты мен еңбек кітапшаларын ала алмаған. Бұл олардың келесі бір жерге жұмысқа тұруларына кедергі келтірген.

Біз осының бәрін өте қысқа мерзімде ретке келтірдік. Атап айтқанда, Байқоңыр қалалық про­куратурасының еңбек жөніндегі уәкілетті органдарға енгізген ұсы­нысы, сондай-ақ Қызылорда және Атырау облыстық прокуратура органдарының бірлесе күш салулары арқасында жұмыс берушілер жіберген барлық кемшіліктер қазір түгелдей жойылды. Мамырдың 18-і күні жоғарыда аталған 370 жұ­мысшы осы кезге дейін ала алмай келген жалақыларына қол жеткізді. Бұл жерде тек аталмыш кәсіпорынға Ақтөбе және Жам­был облыстарынан келіп, жұ­мыс атқарып жүрген вахтадағы ең­бек адамдарының қарыздары өтел­мей қалды. Себебі, олардың бан­кілік карталары болмай шық­ты. Со­нымен қатар, олардың ала­шақ­тары жөнінде де нақты ақпарат жоқ.

Қанат ҚҰЛЖАНОВ,

Байқоңыр қаласының прокуроры.

Қызылорда облысы.

–––––––––––––––––––

Суретті түсірген

Алмас МАНАП.

Соңғы жаңалықтар