Мылтық әйтеуір бір атылады
Жұма, 31 мамыр 2013 2:06
Таяуда Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып, онда атыс қаруларының, оқ-дәрілердің және жарылғаш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес және оларға тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Бас Прокурор атап өткендей, құқық қорғау органдары басшыларының заңсыз қару айналымы мәселесін талқылауының өзектілігі, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігімен, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың өсу үрдісінен туындап отыр.

Қабылданған шараларға қарамастан, қару айналымы саласындағы жағдай күрделі күйде қалып тұр. Атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстар санының артуы алаңдатушылық туғызады. Соңғы бес жылда атыс қаруын қолданумен байланысты тіркелген 2 328 қылмыстың 93 пайызы заңсыз айналымда жүрген қарумен жасалған.
Травматикалық қаруды қолданып жасалатын қылмыстардың саны 8 есеге – 2008 жылғы 46-дан 2012 жылы 375-ке дейін өскен. Биылғы жылдың басынан бері 139 осындай қылмыс жасалған, бұл қару қолданумен байланысты барлық тіркелген қылмыстардың 60 пайыздан астамын құрап отыр.
Осының барлығы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, яғни травматикалық қаруды бақылаусыз пайдалануды болдырмау үшін қару иелеріне заңнамалық шектеулер жөніндегі бастама көтеру қажеттілігіне алып келді. Ішкі істер министрлігі дайындаған заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып тастап, оны қызметтік топқа ауыстыруды көздейді.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері қарудың заңсыз таралуына тосқауыл қою, қару айналымына бақылауды күшейту, оның тиісті есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар ұсынды.
Осы мақсатта өңірлік ішкі істер органдарының әскери-тергеу бөлімшелерімен өзара іс-қимылын күшейту, заңсыз сақталған атыс қарулар мен оқ-дәрілерді алу, олардың сатып алу көздерін табу, заңсыз жеткізу арналарын анықтау бойынша бірлескен жұмыстардың белсенділігін арттыру ұсынылды. Травматикалық қаруды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүру үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылды.
Сондай-ақ, уәкілетті органдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы шаруашылық субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту, жарылғыш заттарды сақтау мен есепке алудың талаптарын қайта қарау, оларға рұқсаты бар тұлғалардың автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау мүмкіндігін зерделеу тапсырылды.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».