Альмираның айыбы… алты миллион ақша
Сенбі, 1 маусым 2013 2:14
«Tengrinews.kz» сайтында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманшинаның үстінен алты миллион теңге пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жарияланды.
Сенбі, 1 маусым 2013 2:14
«Tengrinews.kz» сайтында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманшинаның үстінен алты миллион теңге пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жарияланды.
Істі қаржы полициясы агенттігінің тергеушілері жүргізіп отыр. «Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары үстіміздегі жылдың 24 сәуірі мен 3 мамыры аралығында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға арналған конкурста жеңімпаз болып шығу үшін тұтыну кооперативінің төрағасынан мәжбүрлеу жолымен пара алған деген күдікпен айыпталуда» делінген қаржы полициясының ақпаратында.
Альмира Орманшинаның құрылыс басқармасының бастығы болып, аяқ астынан қызметінен төмендеп, орынбасар болғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Соңғы кездері ел ішінде «Орманшина жұмыстан босап, Мәскеуге қашып кетіпті» деген сөздердің өршіп кеткені рас. Тіпті, оның жап-жас болса да кезінде қызметте тез өрлеуін жақында ғана жұмбақ жағдайда жұмысынан босап, бүгінде қайда жүргені белгісіз облыс әкімінің орынбасары Болатбек Нәжіметдинұлымен байланыстыратындар да бар. Кім білсін… Бір анығы, «құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген, Орманшинаның дәурені өткенін біреулер сезіп-біліп, бір кездері жасырып қойған «карталарын» ашып, кейбір жәйттерді жайып салуды ойлаған сияқты. Әрине, бұл жағдай онсыз да жалындап тұрған отқа тағы да май тамызғандай болғаны анық. Оңтүстіктегі дүрбелең осымен тоқтай ма, жоқ па?
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.