Спорт • 05 Шілде, 2019

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалының қарсаңында баспасөз мәслихаты өтіп, жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері тағайындалды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Ерлан Ибрайым келді. 

«Маған сенім артқаны үшін Ұлттық олимпиада комитеті мен жеңіл атлетика федерациясының басшылығына рахмет айтқым келеді. Өз кезегімде команданы дайындау үшін бар күшімді саламын. Алда үлкен сынақтар күтіп тұр. Сол сындарда сәттілік жолдас болсын», деді И. Ибрайым.  

Бас бапкерлік қызметке дейін Ерлан Ибрайым жеңіл атлетика федерациясында спорттық директор міндетін атқарды.