Көрмеге Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Суретшілер одағы және National Geographic Qazaqstan журналынан алынған барлығы 90-ға жуық экспозиция қойылған. Елбасының ел басқарған 30 жылдығына арналған көрмеде 1990 жылдар мен күні бүгінге дейінгі уақытты қамтитын деректер жарияланған. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмеден Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси аренадағы ерекше сәттерін бейнелейтін фотоматериалдарды көре алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір айдың ішінде фотокөрмеге 45 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Көрме Нұржол даңғылында ашық аспан аясында өтуде.