Он алты жылға сотталды
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 2:10
Алаяқтық жолмен жан бағып, мал табамын деп ойлаған Алматы қаласының тұрғыны Р.Нажмиев оңбай опық жеді. Ол бар өмірін өксітіп, жалындаған жастық шақтағы 16 жыл ғұмырын темір тордың арғы жағындағы тар төсекке таңылуға арнады.
Р.Нажмиев артқы тік ішегіне 8 түйіннен героинді жасырып, ал қалған 25 түйіншекті жұтып, шекарадан «Алматы-Новосібір» авиарейсі арқылы өтпек болған.
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 2:10
Алаяқтық жолмен жан бағып, мал табамын деп ойлаған Алматы қаласының тұрғыны Р.Нажмиев оңбай опық жеді. Ол бар өмірін өксітіп, жалындаған жастық шақтағы 16 жыл ғұмырын темір тордың арғы жағындағы тар төсекке таңылуға арнады.
Р.Нажмиев артқы тік ішегіне 8 түйіннен героинді жасырып, ал қалған 25 түйіншекті жұтып, шекарадан «Алматы-Новосібір» авиарейсі арқылы өтпек болған. Алайда, Алматы қаласы әуежайының халықаралық ұшу залында қызметтік-іздестіру итін пайдалану арқылы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Нажмиевтің тұла бойында тұнып тұрған контрабандалық есірткі заттарын анықтады.
Сөйтіп, ол есірткі заттарын шекарадан өткізу мақсатында заңсыз иеленген және салмағы 174,95 грамм аса ірі мөлшерде героинді денесінде сақтап, тасымалдамақ болған.
Осыған байланысты Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2013 жылдың 31 қаңтарындағы үкімімен ҚК-тің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 250-баптың 4-бөлігімен оны кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеуге үкім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
А.СӘРСЕМБАЕВ,
Бас көлік прокуратурасы
басқарма бастығының
орынбасары.