Аймақтар • 06 Шілде, 2019

Батыс әскери қызметшілері арасында Елорда күніне спорттық сайыстар өтуде

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау, Атырау және Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысумен Елорда күніне арналған спорттық іс-шаралар өтуде.

Батыс әскери қызметшілері арасында Елорда күніне спорттық сайыстар өтуде

Спорттық іс-шаралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өтуде. 6-7 шілде күндері аралығында футболдан, кір тастарын көтеру, қол тірес және отбасылық сайыстар ұйымдастырылады.

Гарнизонның мерекелік іс-шараларына Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерімен қатар, ҰҚК Шекера әскерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысуда.

Мерекелік іс шаралар қарсанында әскери бөлімдерде Астана күніне орай салтанатты сапқа тұрулар мен мерекелік концерттер өткізілді.

-Бүгінгі күні, Елордамыз әлемдік қауымдастықтың алдында бейбітшілікке ерекше ұмтылыс танытқан қала, ұлттар мен конфессия өкілдері келіссөз жүргізетін алаң ретінде танылып келеді. Сол себепті, Нұр-Сұлтан – әрбір азаматтың, әрбір жауынгердің бойында ерекше мақтаныш сезімін туғызады, деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы Нұрлан Алдияров әскери қызметшілерді құттықтауында.

Гарнизондарда өткізілген отбасылық конкурстар аяқталып, оның нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілер мен олардың отбасылары грамоталар  және сыйлықтармен марапатталды.

Маңғыстау облысы