Аймақтар • 07 Шілде, 2019

Маңғыстауда «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» шарасы өтуде

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Домбыра күніне арналған Маңғыстау облысының барлық өңірлерінде, Ана мен бала орталығында, Ақтау қалалық перзентханасында мерекеге орай «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауы ұйымдастырылып, дүниеге келген сәбилерге Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі бар ұлттық аспап – домбыра салтанатты түрде табыс етіледі. Әр сыйлықпен бірге сәбиге Домбыраның мәні мен құндылығы туралы айтылып, ақ тілек жазылған алғыс хат пен сый-сияпат қоса беріледі.

Маңғыстауда «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» шарасы өтуде

«Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауында «Бір анадан туған ең көп бала», «Ерекше есім», «Домбырашы ана», «Ұлттық Домбыра күні бірінші дүниеге келген сәби» номинациялары бойынша марапатталады. 

Ағымдағы жылдың 3 шілде күні Маңғыстау облысы «Ана мен бала» орталығында үшемді дүниеге әкелген ана Мусағалиева Гүлдана Мақсұтқызы «Бір анадан туған ең көп бала» аталымы бойынша марапатталып, алғыс хат пен арнайы сый-сияпатқа ие болды. Бұл шараға «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Газибеков Курбанали үлес қосып, қазақтың қасиетті домбырасын өз қаражатына сатып алып, сыйға ұсынды. 

Маңғыстау облысы