Қазақстан • 08 Шілде, 2019

Алтай Көлгінов «Промышленный» тұрғын үй алабы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданы аумағындағы нысандарды аралап, проблемалық учаскелермен танысты. Қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар «Алматы» ауданындағы «Промышленный» тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі xабарлады.

Алтай Көлгінов «Промышленный» тұрғын үй алабы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Жүздесу барысында тұрғындар «Ақкент» ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру, жылы аялдаманы және спорт алаңдары бар скверді жайластыру туралы өтініш айтты. Сондай-ақ, 13-шi мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселелері талқыланды. 

«Железнодорожный» алабының тұрғындары Маяковский 7 көшесін жарықтандыру және жаңғырту мәселелерін жеткізді. Жоғарыда аталып өткен тұрғындардың тілектері жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынатын болады. Осындай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі.