Қазақстан • 09 Шілде, 2019

Жәрмеңке көрігін қыздырды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі ауыл­шаруашылық жәрмеңкелері өтті. Бас қаламызға респуб­ликаның төрт өңірінен жалпы көлемі 800 тонна болатын азық-түлік керуендері келді.

Жәрмеңке көрігін қыздырды

6-7 шілде күндері Батыс Қазақ­­стан және Қарағанды об­лыс­­­тары «Қазақстан» спорт ке­ше­ні­нің алаңында қала тұрғын­дары­на өз өнімдерін ұсынды. Ал «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы ар­на­йы алаңда Пав­ло­дар мен Ақ­мола облыстары ауыл­­ша­руа­­шылық өнімдерін өндіру­ші­лері­нің қатысуымен жәрмеңке өтті. 

Жәрмеңкеге ағылып келген халықта қисап жоқ. Себебі сөреге түскен азық-түлік­тің бағасы нарықтағымен салыс­тырғанда 20%-ға төмен болды. Әрине бұл елорда тұр­ғын­дары мен қонақтарына тоңа­зытқыш­тарын толтырып алуға жақсы мүмкіндік. 

Облыстардан келген азық-түліктердің жалпы көлемі 800 тоннадан асатынын жоғарыда айттық. Өнімдердің негізін ет, шұжық, ет консерві­лері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және тағы басқалары құрады. 

Ауыл шаруашылығы өнім­дерінен басқа, жәрмеңке аума­ғында әр облыс өз өңірінің мәде­ниеті мен дәстүрлерін көрсе­тетін көркемөнерпаздар ұжымдары­ның қатысуымен концерт қойды.

– Кешеден бері осы алаңда концерт қойылып жатыр. Біздің облыстың өнерпаздары өнер көрсетіп, бауырсақ-шоу, қымыз-шоу өткізді. Кәсіпкерлеріміз өнімдерінің жақсы өтіп жатқанын айтады. Тауар алуға келген ха­лықтың да өнімнің сапасына, бағасына көңілі толғанын бай­қа­дық. Біраз отбасыға азық-түлік тегін таратылды, – дейді Қара­ғанды облысы ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы басты­ғы­ның орынбасары Сырым Бошпанов.