Қазақстан • 09 Шілде, 2019

Бүгін бірнеше облыста аптап ыстық болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 шілдеде Жамбыл, Атырау, ШҚО, СҚО, Қызылорда облыстарында аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін бірнеше облыста аптап ыстық болады

Жамбыл облысында кей жерлерде 39°С қатты ыстық, 10-11 шілдеде  кей жерлерде  41°С күтіледі.  Тараз қаласында 10-11 шілдеде күндіз  38-40°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

Атырау облысының 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36°, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қаласында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %

Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Күндіз 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %