Аймақтар • 09 Шілде, 2019

СДУ қолданбалы ғылым саласына ерекше көңіл бөледі

707 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жылы 117 мыңнан астам қазақстандық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ұсыныс білдірген. Барлық отандық жоғары оқу орындарымен қатар С.Демирел атындағы университетке талапкер тапсырыс беріп үлгерді.

СДУ қолданбалы ғылым саласына ерекше көңіл бөледі

Университет биылғы жылы Ранжирлеу нәтижелері бойынша 2019 жылы СДУ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ҰААР рейтингісінде ел бойынша 1-орынды иеленеді. Осы рейтингте ЖОО «Педагогикалық математика» мамандығы бойынша 1-орын және «Ғылыми математика» мамандығы бойынша 2-орын алады. Техникалық мамандықтардан басқа Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің рейтингісінде  «Аударма ісі» мамандығы 2-орынды иеленді. Ел бойынша ТОП-3 құрамына «Филология», «Шет тілі», «Менеджмент», «Ақпараттық жүйелер», «Есеп және аудит», «Тарих» мамандықтары кірді. Университетке қабылдау бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының сарапшылары талапкерлерге құжаттарды тапсыру және қабылдау процедурасының қыр-сырын түсінуге көмектеседі. Биыл талапкерлер өз сауалнамалық мәліметтерін үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде толтыра алады. Олар университетке құжаттарды салыстыру үшін және келісім-шартқа қол қою үшін ғана келуі мүмкін. Бұрын бұл процесс өте көп уақыт пен күш талап ететін, себебі орта есеппен сауалнамалық деректерді толтыруға талапкерге 20-30 минуттан кетті, кейде олар кезекте бірнеше сағаттан күтуге тура келетін. Егер талапкерлердің үйде сауалнама толтыру мүмкіндігі болмаса, онда олар мұны университетте жасай алады. Ол үшін ЖОО-да бірқатар компьютерлік сыныптар жабдықталған. Бұл процесс талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Биыл қабылдау науқанының ерекшеліктері мен өзгерістері өте көп, деген пікірде оқу орнының сарапшылары.

- Биылғы жылдың негізгі ерекшелігі: талапкер үрейсіз және күйзеліссіз өтпелі балл (50 балл, педагогикалық мамандықтар үшін-60 балл) ҰБТ-ны  жыл бойы 4 рет тапсыра алады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Бұл ретте ол ҰБТ әрбір тапсыру кезінде бейіндік пәндерді ауыстыруға мүмкіндігі бар. Айталық, қаңтар айында оқушы бір мамандықты таңдап, «Математика-География» бейіндік пәндерін тапсырды, бірақ тамыз айына қарай басқа мамандықты таңдап, бейіндік пән ретінде «Дүниежүзі тарихы Шет тілі» пәнін тапсыруды шешеді. Айта кету керек, мемлекеттік білім гранттары конкурсына ҰБТ сертификатымен қатысуға болады, - деп атап өтті қабылдау комиссиясының бас сарапшысы, СДУ Бизнес Мектебі профессоры ассистенті Динара Сәрсенова.

Айғаным МЕТЕРБАЙ

АЛМАТЫ