Қоғам • 10 Шілде, 2019

«Nur Suńqar» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған журналистер арасындағы «Nur Suńqar» республикалық конкурсының оныншы мерейтойлық марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

«Nur Suńqar» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Nur Suńqar» конкурсы 2010 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Осы аралықта конкурсты өткізу үлгісі, ережесі, ондағы аталымдар мен жүлделер де өзгертіліп, жетілдірілді. Бүгінде бұл байқау медиа саласының қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған беделді іс-шаралардың қатарына еніп үлгерді. Конкурстың о бастағы мақсаты сол бұрынғысынша: қазақстандық журналистерді, блогерлер мен шығармашылық ұжымдарды  қолдау, олардың отандық кәсіби журналистиканы дамытуға, қоғамды жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін бағалау болып  өзгерісіз қала береді.

Конкурс өткізіліп келе жатқан уақыттан бері «Nur Suńqar» сыйлығына елге танымал көптеген журналистер ие болды.


Биыл конкурстың ұйымдастыру комитетіне 207 қатысушыдан мыңға жуық жұмыс келіп түсті. 10 аталым бойынша жеңімпаздардың есімі белгілі болды:

«Халық дауысы» - Үздік телевизиялық журналист: Айбек Қобдабай («Qazaqstan» телеарнасы)

«Точка зрения» - Үздік телевизиялық журналист: Жұрағат Баман («Хабар» телеарнасы)

«Сөз зергері» - Үздік газет журналисі: Ғабит Мүсіреп («Egemen Qazaqstan» газеті)

«Елбасы салған сара жол» - Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін сыйлықақы: Игорь Прохоров («Казахстанская правда» газеті)

«Майталман» - Отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін сыйақы: Нұртілеу Иманғалиұлы («Жетісу» телеарнасы)

«Рухани жаңғыру» - Бағдарламаны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін сыйақы: Базаркүл Отыншиева («Астана» телеарнасы) , Айгүл Кемелбаева («Абай» журналы)

«Мастер слова» - Үздік газет журналисі: Талғат Есенов («Литер» газеті)

«Жас серпіліс» - Үздік жас журналист: Сакен Махаметкеримов, Назымгүл Күміспаева («Хабар» телеарнасы)

«Медиа-профи» - Интернет басылымның үздік журналисі: Ақмарал Олжабаева (Bnews.kz)

«Партия жобаларын үздік жарыққа шығарғаны үшін»: Екатерина Брынюк («Астана» телеарнасы), Гүлжан Рахманова («Айқын» газеті)