Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Қоржынға тағы бір медаль түсті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан командасы кезекті медалін жеңіп алды. Стенд атудан Зоя Кравченко күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қоржынға тағы бір медаль түсті

Ол «скит» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетіп, тек Универсиада ойында­рының бас жүлдесін иеленген италиялық Чиа Марзиантониоға есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті чехиялық спортшы Хана Адамкова түйіндеді.

Еске сала кетейік, Кравченко ел қоржы­нына осымен үшінші күмісті салып отыр. Бұған дейін гимнасшылар Нари­ман Құрбанов пен Милад Карими екінші сатыға тұрақтаған болатын. Сондай-ақ Ғалым­жан Қырықбай дзюдодан алтын, Сәр­сенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлде еншіледі.