Әлем • 11 Шілде, 2019

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов дипломатиялық миссия басшысымен түрлі салалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Мен Қызылорда облысы үлкен экономикалық және көлік әлеуетіне ие, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін өте перспективалы аймақ екеніне көз жеткіздім. Бүгін біз облыс әкімімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде азаматтарымыздың екіжақты сапарлар санын арттыру мәселелерін талқыладық. Біз үлкен жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деді консул.

Консулдың облысқа жұмыс сапары аясында бірқатар орындарда кездесу өтті.