Кезектен тыс конференцияға 245 делегат сайланды. Ал күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасын сайлау, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және партия алдындағы міндеттер сынды үш мәселе қаралды.
Басқосуда сөз алған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Партия Төрағасы, Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген бірқатар тапсырмаларының орындалысына айрықша назар аудару қажеттігін айтып, партияның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына баса мән беруге шақырды. Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жаңа төрағасы болып облыс әкімі Серікбай Трұмов сайланды. Төраға куәлігін Серікбай Өтелгенұлына Бауыржан Байбек тапсырды.
Сондай-ақ, партияның Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Яғни, бұған дейін партия мүшелігінде болған Ералы Тоғжанов, Шолпан Ильмуханбетова, Асқар Рзаханов және Қалнияз Оңдабаев партияның Саяси кеңесінің құрамынан шығарылды. Олардың орнына «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, «Yessenov Univercity» ректоры, партияның облыстық филиалы жанындағы «Жоғары технологияларды дамыту» комиссиясының мүшесі Берік Ахметов, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев, «Тұлпармұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері, «Жасыл ел» еңбек жасағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Сәкен Мыңбаев партияның Саяси кеңесінің құрамына қабылданды.
Маңғыстау облысы