Үкімет • 11 Шілде, 2019

Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-12 шілдеде Премьер-Министр Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына және Қырғыз Республикасына барады.

Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды. 

Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII  отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады. 

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.