Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Қарулы Күштердің офицері AQUATLON жарысының жеңімпазы атанды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі бір аптаның ішінде екі жарыстың жүлдегері атанып керемет жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы аталмыш өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарулы Күштердің офицері AQUATLON  жарысының жеңімпазы атанды

41433 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Сергей Садриев Атырау қаласында өткен жаппай жүгіруде үшінші орынға ие болды. Аталмыш жарыстың ұзындығы 4500 метрді құрап, оған 600-ге жуық қала тұрғындары қатысты.

Ал үш күн өткеннен кейін, ол AQUATLON біріншілігінің жеңімпазы атанды. Жарыс ережесі бойынша спортшылар 250 метрді құрайтын бассейнді жүзіп өтіп, 3000 метр арақашықтықты жүгіріп өту тиіс болды.

 «Жарыстың басты мақсаты ол салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жүгіруді насихаттау және жастар мен аймақ тұрғындарын бұқара спортпен айналысуға шақыру болды» дейді ұйымдастырушылар.

Бұл жеңіс әскери қызметшінің алғашқы жетістігі емес. Соңғы бір жылдың ішінде, ол Атырау марафонының, «Atyrau Yellow Race», «Atyrau Ice Race», Dala Race және Астана марафон 2019 жарыстарының жүлдегері атанған еді.


Маңғыстау облысы