14 Ақпан, 2013

Төте жолдың тиімділігі мол

270 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Төте жолдың тиімділігі мол

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:01

«Зырян-Майқапшағай» темір жолы мен «Қызыл ту» автокөлік көпірі құрылысын бастайтын уақыт жетті

Міне, осы сауал Кенді Алтай тұрғындарын ұзақ уақыт бойы толғандырып келеді. Өңірдің оңтүстік төрт ауданында темір жол қатынасы жоқ. Тіпті кешегі Кеңес дәуірі кезінде өлкенің табиғаты тамылжыған Катон-Қарағай, Зайсанға пайдалы да кірісі мол шойын жолды тарту жөнінде ұсыныс түскенімен, пайдасы жоқ деген желеумен кейінге ысырыла берген. Енді ше? Елбасының қолдауымен елімізде туризмді қолдауға барлық жағдай жасалып келеді. Катон-Қарағайда бұл күндері пантымен емдейдін онға тарта шипажайлар жұмыс істеп тұр.

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:01

«Зырян-Майқапшағай» темір жолы мен «Қызыл ту» автокөлік көпірі құрылысын бастайтын уақыт жетті

Міне, осы сауал Кенді Алтай тұрғындарын ұзақ уақыт бойы толғандырып келеді. Өңірдің оңтүстік төрт ауданында темір жол қатынасы жоқ. Тіпті кешегі Кеңес дәуірі кезінде өлкенің табиғаты тамылжыған Катон-Қарағай, Зайсанға пайдалы да кірісі мол шойын жолды тарту жөнінде ұсыныс түскенімен, пайдасы жоқ деген желеумен кейінге ысырыла берген. Енді ше? Елбасының қолдауымен елімізде туризмді қолдауға барлық жағдай жасалып келеді. Катон-Қарағайда бұл күндері пантымен емдейдін онға тарта шипажайлар жұмыс істеп тұр. Жанға сая, жан-жағын биік таулар мен өзендер қоршаған атақты Рахман қайнарына бір шомылудың өзі арман. Оның емдік қасиеті жайлы талай аңыз бар. Ал Зайсаннан көмір мен мұ­найдың, газдың мол қоры та­былды. Қазір ауданның 24 ел­ді мекеніне газ құбыры жүргізіліп жатыр. «Елім-ай» деген компания мұнай иге­­руді бастап кетті. Демек, «Зы­рян-Майқапшағай» темір жолы арқылы Катон-Қарағай мен Зайсанға топ ете түсу мүм­кіндігі тумақ. Майқапшағай ке­дені Зайсаннан 60 шақырым, арғы жағында көрші Қытайға Қазақстанның тауарларын апа­руға, тіпті Оңтүстік Азия елдеріне барыс-келісті жақ­сартуға болады. Аталмыш темір жолдың салынуына Ресей де қызығушылық туғызып отыр. Қазақстан арқылы көршілер де сауда-саттықты қыздыратыны сөзсіз, ал олардан бізге түсетін қаржы да қомақты болмақ.

Жақында Шығыс Қазақстан облысына Үкімет басшысы Серік Ахметов жұмыс сапарымен келген кезде көрме залындағы аталмыш екі құрылыстың картасымен танысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мына жайларды келген қонақтардың қаперіне салды.

– Бұл маңызды мәселе. Об­лыс­тағы төрт ауданның және Ресей мен Қытайдың экономикасы осыған байланысты десек, қателеспес едік. Көлік және коммуникациялар министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан да қолдау болмақ. Тиісті мекемелерге аталмыш жоба бо­йынша бізбен бірлесіп жұмыс істеуге тапсырма беруіңізді сұ­рай­мыз, – деген еді өңір басшысы облыс активімен кездесуінде.

«Зырян-Майқапшағай» шойын жолының қашықтығы – 480 шақырым. Оған 180 миллиард теңге қажет. Өңір басшысының пайымдауынша, бұл жобаға бюджеттен керемет үлкен қаражат қажет емес сыңайлы. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық негіздеме облыстық қазына есе­бінен жасалып жатыр, ал «ға­сыр құрылысын» инвесторлар қаржыландырамыз деп құл­шынып отыр.

Бірақ, осы жерде мына бір мәселені есте сақтау керек. Осыдан жеті-сегіз жыл бұ­рын «Өскемен-Шар» темір жо­лы­ның құрылысы басталды. Ол кон­цессиялық негізде салынды. Бұл жол Алматы мен Астанаға дейін уақытты 8-10 сағатқа қысқартуы тиіс болатын. Үш жылдан асты жолаушылар Алматыға 23 сағатта баратын болды. Бұрын Ресей арқылы 34 сағат жүретінбіз. Ең өкініштісі, «Досжан темір жолы» компаниясы жіберген кемшіліктер салдарынан Астанаға төте жету әлі күнге шешілмей келеді. «ҚТЖ» «Өскемен-Шар» арқылы Астанаға жеткізетін жолды қабылдауға асығар емес. Себебі белгілі, шойын жолды салу кезінде көптеген кемшіліктер орын алған. Енді зардабын жолаушылар тартып келеді. Бұған кім жауап берер екен?

Маңызды құрылыстың бірі – шалғайдағы Марқакөл мен Күршімге барар жолдағы «Қызыл ту» өткелі арқылы салынатын көпір. Қазіргі кезде аталмыш аудандарға жолаушылар мен жүк паром арқылы өтеді. Ал паромның қатынауында көптеген «әттегенайлар» бар. Міне, ұзақ жылдар болды, жазары мен айтары қалмаған өткелдегі көпір салу өңір басшысы Б.Сапарбаевтың назар аударуы нәтижесінде шешімін табатын түрі бар.

Үкімет басшысы С.Ах­ме­товтің Кенді Алтайға сапары кезінде бұл мәселе қозғалды. Жобаға кореялық «РОSCO EGC» фирмасы инвестор бол­мақ. Таяу күндері жобалау жұ­мыс­тары жүргізілмек. Жаңа кө­пір әлеуметтік жоба. Егер көпір пайдалануға берілсе Үлкен На­рын мен Күршімге, тіпті, Зайсан арқылы Тарбағатайға шығып кетуге жағдай жасамақ.

Көпір құрылысына 15 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл тіпті Семейдегі жапондар салған, ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысқан аспалы көпірден де ұзын болмақ. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін 120 миллион теңге, жобалау-сметалық құжаттамаға 600 миллион теңге жұмсалмақ. Корея жағы құрылысқа қызығушылық танытуда. Ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан көпір іске қосыла қалса ел экономикасы артып қана қоймай, Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырма орындала бермек, дейді көпір құрылысы жайлы Үкімет басшысы С.Ахметовке түсініктеме берген Евгений Ан мырза.

Кенді Алтайда үстіміздегі жы­лы да бірнеше серпінді жо­балар жүзеге аспақ. Ал таяу­дағы бірнеше жылда 633 миллиард теңгенің 39 жобасы іске қо­сылмақ. Оның бірнешеуі пай­далануға берілді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.