Спорт • 12 Шілде, 2019

Сырт алаңда тең түсті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қоста­найдың «Тобыл» командасы алғашқы кездесуін сырт алаңда Люксембургтың «Женесс» командасымен өткізді.

Сырт алаңда  тең түсті

Екі команда арасындағы бірінші матч тең аяқталды. Кездесуді қазақстандық ешбір телеарна көрсеткен жоқ. УЕФА сайтындағы статистикаға сүйенсек, «Тобыл» қарсылас команда қақпасына 10 соққы жасаған. Оның біреуі ғана қақпаға дәл бағытталған. Ал «Женесс» футболшылары сегіз соққы жасап, оның төртеуі анық шыққан. Сонымен қатар Владимир Газзаев шәкірттері кешегі ойында төрт сары қағаз алып, сегіз бұрыштама добын орындаған.

Айта кетейік, екі команда арасындағы қарымта кездесу 18 шілде күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Қостанайдың әуежайы уақытша жөндеуге жабылғандықтан әзірше ойындарды Нұр-Сұлтанда өткізеді.