19 Ақпан, 2013

Қазақстандық үлес қайтсе ұлғаяды?

282 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстандық үлес қайтсе ұлғаяды?

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:28

«Нұр Отан» ХДП филиалында облыс әкімі Архимед Мұ­хам­бетовтің төрағалығымен өткен ірі компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында және мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру жолдары қаралған жиында осы бір өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ел экономикасы дамуының ішкі резервінің бірі ретінде қа­зақстандық үлесті арттыру мәсе­лесін Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев 2009 жылы Шетел инвес­торлары кеңесінің пленарлық отырысында көтерген болатын-ды.

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:28

«Нұр Отан» ХДП филиалында облыс әкімі Архимед Мұ­хам­бетовтің төрағалығымен өткен ірі компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында және мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру жолдары қаралған жиында осы бір өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ел экономикасы дамуының ішкі резервінің бірі ретінде қа­зақстандық үлесті арттыру мәсе­лесін Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев 2009 жылы Шетел инвес­торлары кеңесінің пленарлық отырысында көтерген болатын-ды. Қазақстандық үлес идея­сы жыл өткен сайын үлкен маңыз­ға ие болып келеді, өңірдің индус­триялық-инновациялық дамуында іс жүзінде қолданылу аясы кеңейе түсті. Елімізде қазақ­стан­дық үлесті дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, оны жаңа кәсіп­орын­дар ашу және жаңа өнім­дер шығару арқылы, жұмыс іс­теп тұрған кәсіпорындарды жаң­ғыр­ту, отандық өндірісшілер та­уарларының, жұмыстарының және қызметтерінің ішкі рынок­тағы қозғалысын қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу есебінен дамытуға баса назар аударылды. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұл мәселеге ерекше мән беріліп, ел экономикасының даму бағыттарын айқындайтын маңызды фактор ретінде атап өтілді. Мұның ішкі рынок­ты өз тауарларымызбен, жұмыс­тары­мызбен және қыз­мет­терімізбен қамтамасыз етіп қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына, өндірістің алға жылжуына ықпал ететіні сөзсіз.

Өңірлік дамудың өзегі іспет­тес бұл мәселеге байланысты ха­­барлама жасаған облыстық кә­­сіп­керлік және өнеркәсіп бас­қар­­масының бастығы Марат Бал­мұхановтың айтуынша, мұнай-­газ компаниялары ара­сын­да тауарлар сатып алудағы қа­зақстандық үлестің жылдық жос­пары 11 пайыздың орнына 9,9 пайыз орындалған, жұмыстар мен қызметтер жоспардағы 82,4 пайыз орнына 73,9 пайыз ғана болған.
Тау-кен кешенінде қазақ­стан­дық үлес тауарлар бойынша жоспардағы 11 пайыз ор­ны­на 9,9 пайыз, ал жұмыстар мен қызметтер 82,4 пайыз ор­ны­­на 71,2 пайыз құраған. Жал­пы, бұл кәсіпорындарда қазақ­стан­дық үлестің межеленген көр­сет­кішінің төмендеу бағыты бай­қалады. Облыстың табиғат пай­даланушылары сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тең жартысы­нан астамын игеретін екі ірі табиғат пайдаланушы кәсіпорын – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»» және «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамдарының үлесіне тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталмыш компаниялар тауарлар сатып алу жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелерін үш-төрт есе арттырған. Үкімет қаулысына сәйкес мониторинг жүргізуге жататын алты кәсіп­орында қазақстандық үлестің жоспарлы көрсеткіштері асыра орындалған. Олар «Ақтөбе хром қосындылары зауыты», «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» акционерлік қоғамдары, «Стройдеталь», «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты», «Ақтөбе-нан» және «Ацс» жауапкершілігі шектеулі серік­­тестіктері болып табылады. Сон­дай-ақ, мемлекеттік сатып алуда да ілгерілеушілік бар. Тауарлар бойынша қазақстандық үлес жылдық жоспардағы 43 пайыз орнына 58,1 пайыз, жұмыстар мен қызметтер 86,9 пайыз орнына 90,1 пайыз орындалған.
Қазір біз ішкі рынокты бәсе­кеге қабілетті отандық өнімдермен қамтамасыз ете алатынымызды сенімді түрде айта аламыз. Өткен үш жылда Индустрияландыру картасының аясында облыста жалпы сомасы 188,3 млрд. теңгені құрайтын 64 өндіріс нысаны іске қосылды. Бұл полиэтилен құбырлар шығаратын, престелген керамикалық бұйымдар жасайтын зауыттардың, жергілікті шикізаттан қиыршық тас өнді­ретін үш зауыттың іске қосылуына мүмкіндік берген ірі жобалар болды. Бізде металл құрылғылары зауыты жаңартылды, жарылғыш заттар өндіретін Батыс Қазақстан аймағындағы жалғыз зауыт жұмыс істейді, «Керамика» АҚ-та керамика плиткалары шы­ғарылады. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде биыл 14 жоба іске асырылмақ, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.
Мемлекеттік үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде «СКРП-Аманат» серіктестігінде жылына қуаттылығы 7,5 мың тоннаны құрайтын химиялық реагенттер өндірісі іске қосылған. Өндіріс жыл сайын өнім көле­мін 25 пайызға ұлғайтып отыру­ға бағытталған. Осы жерде облыс басшылығы тарапынан өн­ді­ріс процесінде химиялық реа­генттерді қолданатын жер қойнауын пайдаланушы ком­панияларға «СКРП-Ама­нат» се­ріктестігімен ұзақ мер­зім­ді әріптестік қарым-қатынас ор­­натқан дұрыс деген кеңес бе­ріл­ді. Облыс әкімдігі бәсе­кеге қа­білетті отандық тауарлар өнді­рісін дамытып, ішкі ры­нок­та қолданылуы үшін ау­қымды жұмыстар атқаруда. Мә­селен, осы жұмыстардың ық­палымен Ақтөбедегі металл құ­рыл­ғылар зауыты «Қазақойл Ақ­төбе» серіктестігіне, жаңа цех құрылысы үшін Ақтөбе фер­роқорытпалар зауытына өз өнімдерін жеткізіп беріп отыр екен.
Дегенмен, кеңесте жер қой­на­уын пайдаланушы ком­па­ния­лардың отандық кәсіп­­ор­ын­дарға тапсырыс беруге және жер­гілікті өндіріс өнімдерін са­­тып алуға әрқашан мүдделі бо­ла бермейтіні де қағыс қалма­ды. Мысалы, кеденнің статис­ти­­­­­­­калық мәліметтері бойынша, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» се­­рік­тестігінің және оның бас мер­дігерлерінің, «Қазхром» транс­­ұлттық компаниясының, «Восход Ориел» серіктестігінің 70,0 млрд. теңге көлеміндегі тауарларды шетелден импорттағаны анықталып отыр. Импортталған тауарлар тізімінде Қазақстанда өндірілетін тауарлар да кездеседі. Олардың арасындағы металл цистерналар, электродтар, арнайы жұмыс киімдері, түрлі пластмасса бұйымдар, болаттан, темірден жасалған бұйымдар сияқты тауарларды өзіміздің елден де табуға болады екен. Сондықтан бұларды шетелден сатып әкелудің қанша қажеті бар деген сұрақтың тууы да заңды. Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өз өнімдерін қазақстандық ірі компанияларға өткізуге мүд­делі. Алайда, ірі компаниялар әзірге оларды құшақ жая қарсы алуға асығар емес. Жеті жылдан бері жеңіл өнеркәсіп саласын­да жұмыс істейтін «Азайа» фаб­ри­­­касының басшылығы өнім­де­­рін ішкі рынокқа өткізу мақ­са­­­­­­тын­да облыс әкімдігінен қолдау көрсетуді сұрауы да осындай қи­­­ындықтың төбе көрсетіп қала­­­ты­нын аңғартады. Арнайы жұмыс киімдерін, төсек-орындарды ті­гу­­ге негізделген фабриканың іш­кі ры­нокта үлкен тәжірибесі бар, өн­­дірістік инфрақұрылымы қа­­­лыптасқан. Шығаратын тауарла­ры сапа менеджменті жүйесіне сәй­­кес келетін болса, өнімдерін өнер­кәсіп секторындағы өзіміздің кәсіпорындарға өткізу үшін фаб­ри­каға қолдау көрсетілетін болды.
Елімізде әйнек өндірісі жолға қойылған. «ҚазСтройСтекло» ЖШС сияқты ірі кәсіпорынның өнімдері сапасы жағынан жоғары стандарттарға жауап беретін бол­ғандықтан, Президенттің қолынан «Алтын сапаға» ие болды. Бірақ осыған қарамастан, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының бас мердігері болып табылатын «Чжунте Қазақстан» ЖШС өндіріс қажеттіліктеріне қолдану үшін әйнек бұйымдарын Қытайдан сатып алып отыр, сол жақтың кәсіпорындарына тапсырыс беріпті.
Сол сияқты, «АЗНО» акцио­нерлік қоғамы сияқты отандық өндіруші өзі шығаратын мұнай қондырғыларын ел аумағында сата алмай отырғанда, мұнай өндірісімен айналысатын компаниялар шекара асып, шетелдік тауарларды сатып әкелуде. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда аталмыш компаниялар кімнің мүддесін қорғайды?
Кеңесте «Қазхром» транс­ұлт­тық компаниясының пре­зи­денті Виктор Тиль және «СНПС-­Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбаса­ры Такталифум Есенғұлов Қазақ­станда жасалған өнімдерді өнді­ріс процесінде қаншалықты деңгейде қолданатындары туралы баяндап, былтырдан бастап бұл бағытта ілгерілеушілік бар екенін айтып ақталды, болашақта бұл жұмысты әлде де жандандыра түсетіндіктеріне сендірді.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі қазақстандық сапаны, қазақстандық мазмұнды дамыту жұмыстарын жетілдіруге байланысты табиғат пайдалану­шы­­­лар­ға нақты тапсырмалар берді. Облыс­тың Қазақстанның индустрия­ландыру картасына 73 жоба ұсынғанын, бұл жобалардың бәрі де қазақстандық мазмұнды да­мытуға үлес қосуы қажеттігін алға тартты.
Өңір басшысы ірі компаниялар басшыларына кеңесте көтерілген мәселелердің нәтижесі бір айдың көлемінде қайта қаралатынын жеткізді.
Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер өндіретін та­уар­ларының, көрсететін қыз­мет­терінің және атқаратын жұ­мыс­тарының сапасына ерекше көңіл бөлуі тиіс екені де ескертілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе.