Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Арыстың балалары Алматыда демалады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен балаларға қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 12 шілде мен 3 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының «Өрнек» жазғы сауықтыру лагеріне жалпы 150 оқушыға, 14 жетекшіге демалыс ұйымдастырды.

Арыстың балалары Алматыда демалады

Бүгін таңертең 1 ағын бойынша 75 оқушы сағат 13.05-те Алматы қаласындағы «Вокзал-2» бекетіне келіп түсті.  Вокзалда балалардың көңілдерін көтеру үшін естелік сыйлықтар беріліп, әр-түрлі қойылымдармен аниматорлар, цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов отбасымен және колледж студенттері «Арыс, Біз біргеміз!» атты флэш-мобын ұйымдастырып, қарсы алды.

Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметі тарапынан вокзалдан лагерьге дейін автобустарды жолда сүйемелдеу бойынша ықпал етіледі.  

23 шілде күні 2 ағын бойынша Арыс қаласының тағы 75 оқушысы аталған лагерьге келеді деп күтілуде.