Бұған дейін Тараздан тек Алматыға ғана ұшақ шығатын. Шілдедегі қорытынды бойынша, Fly-Arystan 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған. Енді қазанға дейін 180 мың билет резервке қойылыпты.
Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жыл соңына дейін арзан қызмет көрсетуші әуе компаниясы 1 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға тиіс. Күзде 180 орындық екі жаңа Airbus-320 ұшағы сатып алынады.
Айта кету керек, 1 мамыр күні Fly Arystan әуе компаниясының алғашқы жолаушылары Алматыдан елордаға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 ұшағымен ұшып келді.