Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтанда пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-20 шілде аралығында Елордада пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 76 мемлекетінен 493 спортшы қатысады.

Нұр-Сұлтанда пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мұндай спорт сайысы елімізде тұңғыш рет өтіп жатқанын айтады. 

«Бұл чемпионат Токиодағы 2020 жылы өтетін паралимиада ойындарына жолдама тарататын ақтық сайыс болмақ. Мұндай біріншілік елімізде алғаш рет өтіп отыр. Оған әлемнің 76 елінен үміткерлер қатысады. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тұңғыш  Параалимпиадалық жаттығу орталығы ашылған болатын. Жазғы және қысқы паралимпиадалық спорт түрлерінен спорттық резервтегі ұлттық құраманың мүшелері сындарлы сайыстарға осы орталықта дайындалып жүр. Жалпы елімізде пара пауэрлифтингпен 600-ден астам адам айналысады», - деді министр чемпионаттың ашылу салтанатына орай өткен баспасөз-конференциясында.

Қазақстан құрамасы әрбір салмақ санатында бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында 2017 жылғы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ Индонезиядағы 2018 Азиалық ойындарының жеңімпаздары Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбан Абдыкалықова өнер көрсетеді.