23 Наурыз, 2013

Қозапая

1373 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қозапая

Сенбі, 23 ақпан 2013 7:19

Қозапая дегенді мақталы өңірдің халқы болмаса, басқа жақтағылар жақсы біле бермеуі мүмкін. Ол – мақтаның сабағы. Өнім алынып болғаннан кейін ерінбеген ел алқаптан осы сабақты кетпенмен шауып, жинап алады. Сөйтіп, ошаққа жеңіл-желпі тамақ істегенде отынға пайдаланатын. Осыдан кейін: «Қозапаяның қазан түбін қыздырғаннан басқа пайдасы жоқ», деп ойлап жүруші едік. Қателесіппіз. Жақында Жетісай қаласында мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар шығаратын кәсіпорын жұмысын бастады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған бұл «Сапа­ИнвестПлюс» ЖШС-і мақтаны қал­дықсыз өңдеуге мүмкіндік бер­ді.

Өндіріс орны жылына 50 мың текше метрге дейін дайын өнім шығаруға қуаты жетеді. Бұл іске бас-аяғы 450 млн. теңге жұмсалды. Оның ішінде кәсіпорын құны 212 356 588 теңгені құрайтын құрал-жабдықтарды лизингтік несиеге алған. Тұсауын кескен бір ай көлемінде зауыт 200 текше метр дайын өнім шығарып үлгерді. Оның сапасы жоғары, бағасы арзан. Әрі салмағы жеңіл және қатты, берік. Бағасы Ресей және басқа да шетелдерден әкелінетін өнімдерге қарағанда 20-30 пайызға төмен. Сондай-ақ, зауыт жанынан өндіріске қажетті желім шығаратын цех іске қосылған. Өнімнің өзіндік құнының төмен болуының бір себебі де осы болса керек. 
«Бұл пресс тақтайға сұраныс жақсы. Бір Мақтаарал ауданының өзінде 30 шақты жиһаз жасайтын кәсіпкерлер бар екен. Көрші аудандарды былай қойғанда, Шымкент, Алматы жақтың іс­кер­лері де осы тақтайларға қы­зы­ғушылық танытып жатыр», дейді кәсіпорын басшысы Нұрмұрат Мазарапұлы.
Сөйтіп, қозапая аяқ астынан табыс көзіне айналып шыға келді. Зауыт сабақтың әр тоннасын 3-3,5 мың теңгеден қабылдап алып жатыр. Бірақ дәл қазір мақта алқабына кіру мүмкін емес. Жер лайсаң. Оның үстіне сор шаю жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан кетпен алып, қозапая қопарып, алқапты аралап кету қиын. Ал, әзірге сонау қара күзде мақта сабақтарын ауласына тау қылып жинап қойғандардың қолы жүріп тұр.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы.