14 Шілде, 2019

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылғаннан кейін ғарыш экологтары жұмысқа кірісті

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗИ)» РМК өкілдігінің қызметкерлері жұмысқа кірісті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылғаннан кейін ғарыш экологтары жұмысқа кірісті

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатовтың хабарлауынша, ұшырылым штаттық режімде өткен. Зымыран-тасығыштың алғашқы сатысы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан № 25,15 (Ю-24 аймағы) арнайы аймағына қонған. «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Байқоңыр өкілдігінің мамандары Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран-тасығышқа отын құю кезінде атмосфералық ауа мен топырақтан сынама алды. 

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Жезқазған бөлімінің қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп бірінші саты түскен орында экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Барлық экологиялық жұмыстар штаттық режімде жүріп жатыр» деп атап өтті Ж.Жұбатов. 

«Протон-М» - зымыран-тасығышы 2019 жылдың басынан бері ұшырылған екінші ғарыш кемесі. Ресейлік ауыр зымыран «Спектр-РГ» ғарыш обсерваториясын белгіленген орбитаға алып шығарды.