Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Биыл Маңғыстауға 117 медицина қызметкері келеді деп жоспарлануда

676 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді.

Биыл Маңғыстауға  117 медицина қызметкері келеді деп жоспарлануда

2019 жылдың 6 ай қорытындысымен емдеу сауықтыру мекемелерінің ақпараты бойынша Маңғыстау облысына 250-ге жуық дәрігер мамандары қажет. Қалалық жерге 127 дәрігер, ауылдық жерге 123 дәрігер жетіспейді.

Ауылдық жерге, оның ішінде Мұнайлы орталық аудандық бойынша 18, Түпқараған орталық аудандық ауруханасы бойынша 4, Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы 2,  Қарақия орталық аудандвқ ауруханасы 7, Жетібай ауылдық ауруханасы 9,       Бейнеу орталық аудандық ауруханасы 13, Боранқұл ауылдық ауруханасы 1,         Жаңаөзен қаласы бойынша 69 маман жетіспейді.

Қазіргі таңда Маңғыстау өңіріне аса қажет мамандар олар жалпы тәжірибелі дәрігерлер, кардиологтар, нейрохирургтар, акушер – гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, неонатологтар, онкологтар, клиникалық фармакологтар, инфекционистер, сәулелі диагностикалық дәрігерлер, физиотерапевттер, психиаторлар (наркологтар), офтольмологтар, отоларингологтар болып табылады.

Осы проблемаларды жою мақсатында емдеу сауықтыру мекеме басшылары 2019 жылы 7 жоғары оқу орындарының бос орын жәрмеңкесіне барып, 84 жас маманмен шарт жасақтасып келді.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, «2018 жылы Маңғыстау облысының емдеу сауықтыру мекемелеріне 141 жас маман келген. Оның ішінде 130 жас маман мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасқан, оның 80-і қалаға, 50 жас маманы ауылдық жерге барған. Қалған 11 жас маман жеке медициналық орталықтарына орналасыпты.

Ауылдық жерге келген мамандар  30 жалпы тәжірибелі дәрігер, 8 акушер- гинеколог, 3 терапевт, 4 хирург , 3 эпидемиолог, 1 педиатр, 1 стамотолог бар.

Оның ішінде Маңғыстау облысының әкім грантымен Маңғыстау ауданына 3 маман (2 терапевт, 1 педиатр), Бейнеу ауданына 1 ЖТД, Жаңаөзен қаласына 3 маман (1 терапевт, 1 ЖТД, 1 акушер-гинеколог) келді.

Сонымен қатар, келген жас мамандардың арасында резидентура бітірген 19 маман келді. Оның  ішінде 1 маман Боранқұл аудандық ауруханасында педиатр мамандығы бойынша, 2 маман Жаңаөзен қаласында акушер гинеколог, педиатр қызметінде, қалған 16 маман Ақтау қаласында қызметтерін атқаруда.

«Дипломмен ауылға» бағадарламасы негізінде аудандық әкімдігі тарапынан пәтер алу үшін 1500 АЕК  көлемінде несие және 70 АЕК көлемінде бір жолғы көтерме қаражат беріледі, отынға жылына 1 рет 14000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі.

Осы жоба негізінде 2018 жылы ауылдық жерге келген 19 жас маманға 70 АЕК көлемінде бір жолғы көтерме қаражат берілді. Бейнеу және Рахат ауылы әкімдігімен 3 жас маманға пәтер алу үшін 1500 АЕК көлемінде несие берілген.

Мұнайлы ауданында қазіргі таңда 13 дәрігер жатақханада тұрады, оның 6 – уы 2018 жылы келген жас мамандар 1 (12000 тг) және 2 бөлмелі (18000 тг.) бөлмелер берілді (жас мамандар өз қаражат есебінен төлейді).

Түпқараған орталық аудандық аурухана есебінен 1 маман жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілген (50 000 тг). № 2 Жаңаөзен қалалық емханасы есебінен 6 жас маманға бір жолғы 70 АЕК көлемінде қаржылай көмек көрсетілген, 2 маманға жалдамалы пәтер ақысы төленіп отыр.