19 Наурыз, 2010

ӨКІЛДІК БАСШЫСЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

682 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жоғарғы комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Сабер Азамды қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ЖКББ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. “Біз босқындармен жағдайды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған БҰҰ ЖКББ қызме­тін жоғары бағалаймыз. Бос­қындар мен көшіп-қонушылар құ­қықтарын қорғау – біздің елі­міздегі басым міндеттердің бірі”, – деді Қ.Тоқаев. Төрағаның айтуынша, Қазақ­стан заңсыз көшіп-қонушы­лар­мен, адам саудасымен және ұйым­дасқан қылмыспен күресте көрші мемлекеттермен ынтымақ­тастыққа ерекше маңыз береді. Қ.Тоқаев С.Азамды үстіміздегі жылғы мамырда Алматыда “ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі” Трансазиялық парламенттік жиыны өтетіні туралы хабардар етіп, БҰҰ ЖКББ өкілдерін осы шараға қатысуға шақырды. С.Азам БҰҰ ЖКББ-мен ын­ты­мақтастығы үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтып, Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ЖКББ ара­сындағы екіжақты қарым-қа­тынастарды одан әрі белсен­ді­лен­діру жайында ойларын білдірді.