Аймақтар • 16 Шілде, 2019

«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері лагерь оқушылары үшін есіктерін ашты

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу орындарының базасында ашылған жазғы демалыс лагерлердің тәлімгерлері Атырау, Ақтау және Ақтөбе әскери бөлімдеріне қонақ болып барды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері  лагерь оқушылары үшін есіктерін ашты

Шілде айы барысында Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы «Шаттық», «Радуга» және «Жігер» мектептік жазғы лагерлерінің оқушылары әскери бөлімдерге қонақ болып келуде. Іс-шараны ұйымдастырушылар әскерилердің өмірімен іштен көріп бақылау арқылы, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім оянып, туған жерге деген мақтанышы артып, Отанына қызмет етуге дайын болуға тәрбиелейді деген мақсат қойыпты. Іс-шараның барысында 300-ден аса оқушының әскери бөлімдерге келуі жоспарланған.

Ашық есік күндері барысында оқушылар әскери өмірмен танысып, офицерлер мен сержанттармен сұхбаттасу барысында өздері үшін көптеген қызықты деректер мен мәліметтерді алды. Олар әскерге келіп түскен заманауи техникалар мен қару-жарақ үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін өз көзімен көре алды. Сонымен қоса, олар сарбаздардың үй-жайларын, оқу сыныптарын, спорт қалашықтары мен асхананы аралап шықты.

- Біздер бүгін нағыз әскери қызметшілердің өмірімен танысып, олардың қызметтерінің жоғары жауапкершілік пен ұдайы кәсіби даярлықты қажет ететініне көзіміз жетті. Келешекте міндетті түрде Отан алдымдағы борышымды абыроймен атқарып, нағыз ер азамат атануды алдыма мақсат етіп қойдым, дейді Ақтау қаласының № 7 орта мектептің оқушысы Амангелді Ізбасар.

Маңғыстау облысы